Маңғыстаулық дәрігерлер емізік (соска) жұтқан 2 жасар балаға сәтті ота жасады
Курс валют в Актау
на 14/10/2019
 
385.7
391.54
 
426.85
431.29
 
5.95
6.1
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
14 Октября, 15:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық дәрігерлер емізік (соска) жұтқан 2 жасар балаға сәтті ота жасады

4 Октября 2019 (16:11) | 1008 | Автор: Нурганым Имашева

Жаңаөзен қаласының 2 жасар тұрғыны Абылайхан Сатыбалды ойнап отырып ауызындағы емізікті (соска) жұтып қойған. Шашалған баланы ата-анасы шұғыл Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Ал бүлдіршін болса тоқтаусыз құсып, әлсіреп, денесі құрғай бастаған.  

 

 

Балалар ауруханасына жеткізілген бойда дәрігерлер баланы рентгенге түсіріп, ішекте кедергі барын анықтап, шұғыл эндоскопиялық ота жасаған. Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы травмотология-ортопедия бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты балалар хирургы Құрман Қайрановтың айтуынша, алғашында диагноз қою қиын болған, себебі рентгенге түсіргенде емізік көрінбеген, алайда ішек өткізбейшілігін белгісі болған.

 

Егер де ата-ана уақтылы дәрігерге хабарласпағанда баланың эксикозға түсіп кету мүмкін еді, себебі тамақ пен су ішпеген жағдайда дене құрғап кетеді, нәтижесінде әлсіздік пайда болады. Бұл жерде ең бастысы бала уақытында жеткізіліп, оған жедел көмек көрсетілді. Имфузиялық ем тағайындалды. Бүгінде эндоскопиялық хирургияның дамығаны соншалық, үлкен кесінді жасамай және ішкі құрылысын ашпай, ішіне кіріп қажетті көмек жасалып отыр. 

 

 

«Алғашқы түкен кезі ауыр деуге болады. Себебі ішкен астың барлығын кері қайтарған. Бозарып, тамақ пен су іше алмағасын шөлдегені соншалық баланың денесі құрғап бастаған. Ата-анасының рұқсатын алып, ота жасалды. Ота сәтті аяқталды, баланың қазіргі жағдайы жақсы, тамақ пен сусын ішіп жатыр. Менің 21 жылдық тәжірибемде осыған ұқсас жағдайлар болып тұратын. Көбіне тиын, пластикалық кішкентай ойыншық, жұлдызшаны жұтып қойған баланың өңешінен алып жүрміз», - дейді ол.

 

Осындай жағдайды болдырмас үшін дәрігерлер ата-ана мұқият болса дегенді айтады, әсіресе кішкентай баланың әрбір қимылын қадағалаған дұрыс. Қазір кішкентай науқастың жағдайы жақсы, оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Жақын күндері 2 жасар Абылайхан Сатыбалды үйіне жіберіледі.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему