Мұнайлы ауданында 263 отбасыға жаңа форматтағы жәрдемақы тағайындалғанды
Курс валют в Актау
на 25/06/2019
 
376.86
380.13
 
429.38
433.8
 
5.95
6.13
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
25 Июня, 16:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлы ауданында 263 отбасыға жаңа форматтағы жәрдемақы тағайындалғанды

13 Апреля 2019 (11:21) | 798 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлбақыт Ақниязова мәлімдеді.

 

 

-Жалпы аудан бойынша тіркелген жұмыссыздар саны 1343 адамды құрап отыр. Төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар саны 3951. Оның ішінде 2171 адам «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқа иегерлері.

 

Осы жылдың 1 сәуірінен бастап төленетін атаулы әлеуметтік көмек әзірге 263 отбасыға тағайындалды. Соның ішінде көп балалы аналар саны 175 отбасын құрайды,-деді бөлім басшысы Г.Ақниязова.

 

Қазіргі таңда көпбалалы атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасыларға облыстық бюджеттен 100 мың теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек осы жылдың сәуір-мамыр айларында берілетін болады.

 

Сондай-ақ, көп балалы аналарды қолдау мақсатында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауданішілік қоғамдық көліктерде тегін жүруге көп балалы аналарға тиісті куәліктер берілуде.

 

 

Ақпан-наурыз айларында аудан бойынша өткізілген қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы аз қамтылған отбасыларға 8 758 мың теңге көлемінде көмек көрсетілген.

 

Суретті түсірген өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему