Ақтаулық тәртіп сақшылары жедел профилактикалық іс-шара барысында «Қолайсыз отбасыларды» анықтады
Курс валют в Актау
на 25/04/2019
 
375.83
379.68
 
421.89
426.53
 
5.83
5.99
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 04:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық тәртіп сақшылары жедел профилактикалық іс-шара барысында «Қолайсыз отбасыларды» анықтады

11 Февраля 2019 (13:19) | 961 | Автор: Нурганым Имашева

-Жасөспірімдер арасындағы қылмыстарының алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік, темекі өнімдерін сатуды, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз көңіл көтеру орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс болу деректерін анықтау, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдерді құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау мақсатында, Ақтау қаласы аумағында ағымдағы 2019 жылдың 7-9 ақпанаралығында «Қолайсыз отбасы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді,-деп хабарлайды біздің басылымға облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Атап айтқанда, «Іс-шара барысында Ақтау қаласы Ішкі Істер Басқармасына барлығы 56 тұлға жеткізіліп, оның ішінде әкімшілік құқықбұзушылық жасағандары үшін-14 және қадағалаусыз жүрген 7 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

 

Мысалға, 08.02.2019 жылы сағат 02:00 шамасында Ақтау қаласы 11 шағын ауданда орналасқан кафені тексеру барысында 2002 ж.т. кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің заңды өкілсіз жүргендігі анықталды (сағат 22:00 ден кейін заңды өкілдің еріп жүруінсіз ойын-сауық орталығында болғаны үшін жауапкершілік көзделген).

 

Олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 442-1 әкімшілік хаттамасы толтырылып, кафе әкімшісіне (кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін) ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттамасы толтырылды.

 

ҚР ӘҚБтК-нің баптарына сәйкес 42 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 128-бабы 1 бөлігі, 505-бабы 1-бөлігі, 440-бабы 2-бөлігі, 441-бабы 1-бөлігі, 442-бабы 2 бөлігі, 408-бабы 2-бөлігі, 132-бабы 1-бөлігі, 442-бабы 1-бөлігімен.

 

Жоғарыдағылардың негізінде жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың, қылмыстың алдын алудағы жұмысты жандандыру мақсатында, төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

 

Барлығы 18 тұлға алынған, оның ішінде 1 жасөспірім, 17 қолайсыз отбасы санаты бойынша есепке алынды. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңына сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

Алкогольдік ішімдіктерді ішіп, отбасында жанжал шығарып, берекесін алып отырған тұлғаларды анықтап, оларға қарсы 1 қорғау нұсқамасы қойылды.

 

Сонымен қатар жасөспірімдердің құқығын қорғау мақсатында және қиын өмір жағдайында қалған кәмелетке толмағандарды анықтау бағытында білім беру ұйымдарында «Ішімдіктің зияны туралы» «Әлімжеттік жасап, ақша бопсалау» тақырыбында профилактикалық жиналыстар жүргізіліп, хаттамалары жасақталды.

 

Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында білім беру ұйымдарымен бірлесіп «Құқықбұзушылықтың алдын алу», «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты құқықтық тақырыптарға лекциялар оқылып, дәрістер берілді», - делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметінен келіп түскен ақпаратта.

 

Суреттерді түсірген Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему