Маңғыстаудан Бақтыбай Шелпеков сенатор болып тағайындалды
Курс валют в Актау
на 11/07/2020
 
671.15
413.11
 
462.89
468.61
 
5.63
5.87
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
11 Июля, 15:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаудан Бақтыбай Шелпеков сенатор болып тағайындалды

28 Июня 2017 (15:09) | 1686 | Автор: Мира Ботабекова

ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлаудың алдын ала мәліметтері белгілі болды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменова мәлім етті.

 

 

Облысымыздан депутаттыққа үміткер, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Бақтыбай Шелпеков алдын ала сайлау қорытындысы бойынша 76,11 пайыз дауыс жинады.

 

 

«Астана уақытымен 12-00-де  14 өңірде ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды  сайлаудың алдын ала қорытындылары шығарылды. Дауыстарды санау нәтижелерін  ОСК-нің сайтынан көре аласыздар. ҚР-дағы сайлау туралы Конституциялық  заңының 78 бабы 2 тармағына сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссияларының дауыстарды  санау хаттамасы  сайлау күнінен бастап екі  күнге толмай Орталық сайлау комиссиясына табысталуы тиіс. Осы хаттамалардың  негізінде ОСК республика бойынша сайлау қорытындыларын шығаратын болады», — деді Ләззат Сүлейменова.

 

 

Оның айтуынша, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында алдын ала қорытынды әлі шыға қойған жоқ.

 

Сонымен Ақмола облысында Дәурен Әділбеков 94,46, Ақтөбе облысында Мұхтар Жұмағазиев 93,12, Алматы облысында Нұрлан Қылышбаев 91,13, Атырау облысында Ғұмар Дүйсембаев 82,44, Жамбыл облысында Абдалы Нұралиев 86,87, Батыс Қазақстан облысында Нариман Төреғалиев 80,41, Қызылорда облысында Мұрат Бақтиярұлы 70,14,  Қостанай облысында Жеңіс Нұрғалиев 86,49, Маңғыстау облысында Бақтыбай Шелпеков 76,11, Павлодар облысында Нұржан Нұрсипатов 82,14, Солтүстік Қазақстан облысында Ерік Сұлтанов 84,62, Оңтүстік Қазақстан облысында Әлімжан Құртаев 82,14, Астана қаласында Еділ Мамытбеков 92, Алматы қаласында Динар Нүкетаева 94,12 пайыз сайлаушылардың дауысын жинады.

 

 

Бақтыбай Шелпековпен қатар Маңғыстау облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы — Нұғалиева Халила Хабижанқызы да сайлауға қатысты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему