Әскерилер Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әскерилер Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтті

23 Марта 2023 (16:44) | 1137 | Автор: Нурбол Шалабаев

 Ақтау гарнизонының теңіз жаяу бригадасының жеке құрамы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын дәстүрлі түрде атап өтті.
      

 

22 Наурыз – Бұқара күні  – көктемгі күн мен түннің теңесу күні, ежелден қалыптасқан жыл бастауы. Жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген мереке.
      Мерекелік іс-шара әскери бөлімнің саптық алаңында ұйымдастырылды. Қазақтың ұлттық ойындары "арқан тартыс", "қазақша күрес", "қол күрестіру", "гір тасын көтеру" және "асық ату"  секілді спорт түрлерінен сарбаздар бақ сынасты.
Спортсүйер қауым той мерейіне орайластырылған қой көтеру сайысын да қызықтады. Қарағандылық сарбаз Владислав Азинштейнға шақ келер мықты табылмады, барлаушы 50 келі қойды 230 рет көтеріп ойынның жеңімпазына тігілген қазақы қойды Владислав қанжығалап кетті.
     – Бүгінгі өткізілген мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті, барлық әскери қызметшілер белсенді қатысты, алдымыздағы демалыс күндері футбол, волейбол секілді жарыстар өткізілетін болады, – деп атап өтті әскери бөлім командирі подполковник Жаннур Саткынов
Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шара жеңімпаздарды құттықтау рәсімімен және көркемөнерпаздар концертімен аяқталды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему