Маңғыстау облысында 352 ер адам алимент төлемей жалтарып жүр
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 14:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында 352 ер адам алимент төлемей жалтарып жүр

16 Июня 2022 (15:13) | 1602 | Автор: Редакция

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Айзат Тіленбаев хабарлады.

 

Спикердің айтуынша, жыл басынан бері алимент бойынша 10 268 іс болған.

- Бүгінгі таңда алимент бойынша қаралған істен 6343 ер адамның алименті жұмыс орны бойынша ұсталып отыр, 3573 ер адам өздігінен төлеп отыр. Ал, қалған 352 борышкер алимент төлемей жалтарып жүр. Жалпы көрсеткіш жыл сайын артып келеді, - деді Айзат Тіленбаев.

Айзат Тіленбаев алимент өндіріп алу бойынша тегін қызмет көрсететін адвокаттар бар екенін атап өтті.

-Адвокаттар тегін заң көмегін құқықтық ақпарат беру (консультация беру) түрінде, сондай-ақ қажет болған жағдайларда өтінішті, шағымды, өтінішхатты және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау арқылы көрсететін болады. Алименттерді өндіріп алу бойынша тегін заң көмегін көрсететін адвокаттардың тізімі Әділет департаментінің ресми сайтында және әлеуметтік желі беттерінде жарияланған. Тегін заң көмегін көрсету мәселелері бойынша Маңғыстау облысының Әділет департаментіне (тел.: 30-20-10) және Маңғыстау облысының адвокаттар алқасына келесі мекен-жай бойынша хабарласуға болады. Ақтау қаласы, 5 шағын аудан., 7 үй, 16 кеңсе (тел.: 52-26-69, 52-26-48), деді Айзат Тіленбаев.

Жалпы, өңірде 114 адвокат бар. Оның ішінде 80 адвокат заңда көзделген санаттағы сұрақтар бойынша тегін заңгерлік көмек көрсетеді. Өткен жылы 2775 тұлғаға тегін заң көмегі көрсетілген.

- Егер сіз әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылсаңыз, сіз адвокаттардан өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тегін заң көмегін алуға құқығыңыз бар. Егер жеке тұлға қаржылық мән-жайлар бойынша өзінің құқықтары мен мүдделерін соттарда қорғау үшін адвокатқа қол жеткізе алмаған жағдайларда, жеке тұлға адвокаттан оған тегін заң көмегін ұсынуды талап етуге құқылы. Ол міндетті түрде көрсетіледі. Адвокаттардың МКБЗК көрсету жөніндегі әрекеттеріне немесе әрекетсіздігі шағымдалуға жатады. Сондай-ақ, азаматтар тегін заң көмегін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құқықтық ақпараттық қызметінен 119 қысқа нөмірі бойынша және 8 (7172) 58-00-58 нөмірі бойынша стационарлық телефоны арқылы ала алады, - деді Айзат Тіленбаев.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему