Ақтау қаласын көгалдандыру жұмыстары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында жүргізілмек
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 11:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласын көгалдандыру жұмыстары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында жүргізілмек

14 Июня 2022 (17:43) | 1377 | Автор: Редакция

Ақтау қаласын көгалдандыру ісі енді алдағы 5 жыл қатарынан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында жүргізіледі. Осыған дейін шөлейтті облыс орталығын жасыл-желекке орап, оны суарумен айналысатын мекеме жыл сайын анықталатын. Бұл жұмыстың сапасына кері әсерін тигізді. Сондықтан да қала әкімдігі келісім мерзімін 5 жылға ұзартты, деп хабарлайды қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі. Жеңімпаз мекеме - «GreenCityAktau» ЖШС.

Жоба аясында Ақтау қаласын көгалдандыру, ағаштарды, бұталарды, гүлдерді отырғызу және жасыл желектер мен ағаштарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізіледі.

-Бес жылға бағытталған жоба аясында жапырақты ағаштардан 20 905 дана, қылқан жапырақты ағаштардан 11 750 дана, сәндік бұталардан 1 460 дана, бұталардан 20 000 метр, көгалдардан 5 000 шаршы метр, гүлзарлардан 652 500 дана, раушан гүлдерінен 18 000 дана егу жоспарланған,-деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының м.а Ануар Туляков.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істейтін мекеме анықталғанға дейін жыл басынан бері «Ақбота» МКК-ның көгалдандырушылары жасыл желектерді күтіп-ұстау, сондай-ақ жаңа ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізген. Олар ақпан айынан бастап 4650 түп ағаш отырғызды. Оның 2650 данасы қылқан жапырақты (қарағай, биота) 2000 данасы жапырақты ағаштар (айлант, клен, ясень, килитерия).

- Сонымен қатар, қаланың 9, 11, 14 шағынаудандарын біріктіретін айналма жолының ортасына 112 000 дана 1 жылдық петунья гүлдері, 12 шағын аудан Тобанияз ескерткішінің алдына раушан гүлдері егілді. Отырғызылған көшеттердің барлығы Ақтау қаласында өсірілген. Яғни барлық ағаштар мен көгалдар Маңғыстау облысының құрғақ климатына төзімді жасыл желектер, - деді Ануар Туляков.

Ал жасыл-желектерді суару жұмыстары биыл Ақтауда алғаш рет су құбыры арқылы жүргізіле бастады. Жылдар бойы теңізге кетіп жатқан жерасты тұщы суларын тиімді пайдалану үшін қаланың орталық бөліктеріне, саябақтар мен алаңдарға ұзындығы 55 шақырымды құрайтын құбыр тартылды. (қажеттілік тәулігіне 1 700м3). Қазіргі таңда аталған құбырлардың 45 шақырымы іске қосылған. Қалған 10 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Маусым айының соңына дейін толықтай іске қосылмақ.

Бұдан бөлек, шағынаудан бойындағы жасыл-желекті суару үшін «GreenCityAktau» ЖШС жыл соңына дейін тағы 40 шақырым су құбырын іске қоспақшы. Қазіргі таңда оның 13 шақырымы 1,2,3,3а,3б,4 шағын аудандарына жүргізіліп, іске қосылды.
- Шағынаудан ішіндегі жасыл желектерді суару үшін қазіргі таңда мүлік иелерінің бірлестігі және тұрғын үйлерге қызмет көрсетуші мекемелермен келіссөздер жүргізіліп, келісім-шартқа отыруға жұмыстанудамыз. Сондай-ақ, қосымша 30 дана арнайы су тасушы көліктер қаланың жасыл желектерін суаруда. Бірі жер астында, екіншісі жер үстінде орналасқан 60 текшеметрлік қос резервуар бар. Оператор күн сайын таңғы сағат 6-да келіп, насостарды қосады. 7.30-дан бастап, көліктер келіп, су толтырып алады. Бірінші ауысымда сағат 8:00 - 16:00 дейін 80-ге жуық адам жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында көше бойындағы ағаштарды суарады. Жасыл желекті, газондарды қырқады. Екінші ауысым сағат 16.00 басталады, 20 адам шағынаудан іштерін суарады. Бір шағынауданға шамамен 10 күнде қайтып келеді, -деді Ануар Туляков.

Қазіргі таңда «GreenSityAktau» ЖШС-гі мекемесі талдарды улау (дезинфекция) жұмыстарын да жүргізіп жатыр. «БИ-58» және «Карате» деп аталатын у түрлері қолданылуда. Қала аумағында 40 мыңға жуық жасыл желектер улаудан өтті. Аталған жұмыстар әлі де жалғасады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему