iQala: Ақтауда коммуналдық қызметтерге жүгіну жеңілдетіледі
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 10:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

iQala: Ақтауда коммуналдық қызметтерге жүгіну жеңілдетіледі

17 Мая 2022 (16:10) | 1323 | Автор: Редакция

Ақтауда коммуналдық қызметтерді алуды жеңілдету үшін «iQala» жобасы енгізілмек. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аслан Хадим хабарлады.

Спикердің айтуынша, аталған жобаның тиімділігі өте көп. Елордада тәжірибеден өтіп, халықтың оң пікіріне ие болған.

- Осы жоба қала тұрғындарының бір жерден тұрғын-үй коммуналдық қызмет көрсететін (Су, электр энергиясы, газ, тбо, ғаламтор т.б.) мекемелермен келісімшартқа отыруға және де т.б. қызметтерге қолжетімділігін арттырады. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласында iQala жобасы 2019 жылы енгізіліп, тиімділігін көрсетті. ҚР Үкіметі IQala жобасын барлық өңірлерге енгізуді тапсырды. Аталған жобаны жылдың аяғына дейін өңірде іске қосу жоспарлануда, - деді Аслан Хадим.

Сондай-ақ, басқарма өкілі Ақтауда «112-бірыңғай диспетчерлік орталығы» құрылатынын жеткізді.

- Қазіргі таңда азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жеке және қоғамдық қауіпсіздікті, мүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, техногендік және табиғи қатерлерге, терроризм актілеріне қарсы тұру мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Осыған орай, облыстың жедел жәрдем, полиция және өрт қызметтерінің шұғыл әрекет ету сұрақтары бойынша «112-Бірыңғай диспетчерлік орталығын» құру бойынша жұмыстар жүргізілуде,-деді Аслан Хадим.

Спикер білім саласында да цифрлық жаңашылдықтар болып жатқанын айтты. Мәселен, білім берудің қамтылуы мен қолжетімділігін арттыру және балабақшаға тіркелу мемлекеттік қызметін автоматтандыру мақсатында 2 жоба іске асырылды.

-Мектептерге арналған автоматтандырылған жүйе білім беру сапасын және оқушылардың мектепке келіп кетуін қадағалауға, асханада және қоғамдық көлікте төлемдерді электронды жасауға автоматтандырылған процестерге мүмкіндік береді. №28 және №16 мектепке енгізілді. Екінші жоба «Indigo» ақпараттық жүйесі балабақшаға жолдама алу қызметтері автоматтандырылып, ата-анаға аймақтағы балабақшалардағы бос орындар туралы ақпараттар онлайн түрде қолжетімді. (317 балабақша, оның ішінде 141 мемлекеттік, 176 жеке кәсіпкерлік),-деді Аслан Хадим.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему