Қоғамдық штаб тұрғындарды бүкілхалықтық референдумда дауыс беруге шақырды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 22:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қоғамдық штаб тұрғындарды бүкілхалықтық референдумда дауыс беруге шақырды

6 Мая 2022 (19:43) | 1829 | Автор: Редакция

ҚР Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен еліміздің Ата заңына енгізілетін түзетулер мен өзгертулер бойынша референдум өтпек. Облыстық қоғамдық штаб мүшелері маңғыстаулықтарды аталған шараға белсене қатысуға шақырды.

Қоғамдық штабтың төрағасы, “Инвесторлар қауымдастығы “Caspian investments” заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Бекмұрат Жүсіповтың айтуынша, Референдум нәтижесінде қазіргі конституциядағы  30-дан астам заңға жаңа өзгеріс енгізілмек. Бұл түзетулер саяси жүйені қайта құру үшін көптен күткен шараларды қамтып, қоғамның мемлекетпен өзара іс-қимылы форматтарын жаңартуға деген сұранысын арттырмақ.

-Конституциялық реформаның ережелері әртүрлі қоғамдық күштердің, сарапшылар мен азаматтық белсенділердің бастамаларына негізделгені маңызды, сол себепті Маңғыстау облысы азаматтық қоғамының белсенді өкілдері, референдумды қоғамдық қолдаудың облыстық штабына топтастық - деді облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Бекмұрат Жүсіпов.

Сондай-ақ, қоғамдық штаб мүшесі Оңайбек Нұрасылұлы Қазақстанның әрбір азаматы Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы өз пікірін білдіруге құқылы екенін жеткізді.

-Президенттің Конституцияға ұсынылатын түзетулерді референдум шеңберінде бүкілхалықтық дауыс беру арқылы шығарған шешімін қолдаймыз, сіздерді де қалыс қалмауға шақырамыз. Өйткені Жаңа Қазақстанды құру біздің өз қолымызда, - деді Оңайбек Нұрасылұлы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему