Маңғыстауда өткен жылы туберкулездің таралу деңгейі 6,3% төмендеген
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 17:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда өткен жылы туберкулездің таралу деңгейі 6,3% төмендеген

6 Мая 2022 (12:41) | 202 | Автор: Редакция

Маңғыстауда өткен жылы туберкулезбен аурушаңдық деңгейі 6,3%, өлім жітім деңгейі 36,4% төмендеген. Ал, 2022 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша облыста сырқаттанушылық деңгейі 3,6% - ға төмендеген. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Қуат Титанов мәлім етті.

- Соңғы 10 жылда Маңғыстау облысында туберкулезбен аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейі төмендеген. Мәселен, 2012 жылы туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 81,2 құраса, 2021 жылы 100 мың адамға шаққанда 43,1 құрады. Яғни, төмендеу қарқыны 47,0%. 2012 жылы өлім-жітім көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 7,9 құраса, 2021 жылдың қорытындысымен бұл көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 0,7 құрады, яғни төмендеу қарқыны -91,1 %. Сондай-ақ, 2022 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша облыста сырқаттанушылық көрсеткіші 3,6% - ға төмендеді -, деді Қуат Титанов.

Бүгінде фтизиопульмонология орталығында 23 дәрігер, 78 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді. 2022 жылдың 1-тоқсанында орталықтың әр бөлімшесіне 83 науқас емдеуге жатқызылды. Олардың 36-ы дәрілік тұрақтылығы бар науқас, 41-і төзімділігі сақталған науқас, 4 науқас балалар мен жасөспірімдар бөлімшесіне жатқызылды. Сондай-ақ, пациенттер стационарлық ем алуға Алматы қаласындағы Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығына да жіберіледі.

- Туберкулездің белсенділігі жойылған адамдар, сауықтыру емін алу үшін облыс көлемінде Тұщыбек ауылындағы Е.Оразақов атындағы шипажайға, Республикалық «Бурабай» оңалту орталығына жіберіледі. 2021 жылы 48 адам «Бурабай» оңалту орталығына жіберілді. Е.Оразақов атындағы шипажайға 2021 жылы 35 адам қалпына келтіру курсына барса, 49 пациент демеу фазасында ем қабылдады - , деді Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Қуат Титанов.

Айта кетейік, алдағы уақытта санаторлық үлгідегі балабақшаларда мектеп жасына дейінгі диспансерлік есепке алу тобының балалары химиопрофилактикалық ем және оңалту курстарынан өтеді. Ал, 2021 жылы 266 бала, 2022 жылдың 1 тоқсанында 39 бала оңалту курсынан өтті. Туберкулез ауруын анықтау, есепке алу, сондай-ақ амбулаторлық сатыда емдеу, диспансерлік бақылау науқастың тіркелген жері бойынша медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему