″Нашақорлық басталады″: полиция ата-аналарды аса сақ болуға үндеді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 03:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

″Нашақорлық басталады″: полиция ата-аналарды аса сақ болуға үндеді

13 Сентября 2021 (14:07) | 1578 | Автор: Редакция

Ішкі істер министрлігі ата-аналарды аса сақ болып, балалардың жүріс-тұрысына мән беруге үндеді. Себебі бүгінде дәріханада сатылатын кейбір медициналық препараттарды есірткі ретінде пайдалану тыйылмай тұр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, бүгінде дәріханаларда сан алуан препарат сатылады. Кейбір дәрінің құрамында есірткі заты бар, кейбіреуінде жоқ. Соған қарамастан, адамды есінен адастырады.

"Соның ішінде ең қауіптісі - "Трамадол" препараты. Бұл – синтетикалық опиодты анельгетик немесе синтетикалық героин. Дәл осы Трамадолдан нашақорлық басталады. Оған тәуелді болған адамды бірден анықтау қиын. Себебі нашақор тұмаумен ауырғандай болады. Бір нәрседен уланғандай болып көрінеді. Жасөспірім препаратты пайдаланса, ата-ана байқамай қалуы да мүмкін", - деді Әмірханов министрліктің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, Тропикамид пен Цикломед сияқты көзге тамызатын дәрілер бар. Оны да есірткі заты ретінде пайдаланып жатады. Адам эйфорияға түседі.

"Бұрын осы препараттар тыйым салынған есірткі зат тізіміне кірмейтін. Сондықтан полиция тиісті шара қолдана алмады. Биыл маусым айында үкімет қаулысымен ол препараттарды күшті әсері бар зат тізіміне қосты. Осының арқасында құқық қорғау органдары сатылымын бақылауда ұстап, заңсыз айналымы үшін жауапқа тарта алады", - деп атап көрсетті Әмірханов.



Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/society/20210913/18111609/nashaqorlyq-politsiya-ata-ana.html

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему