Ардагер жолшы жас мамандармен жүздесті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 01:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ардагер жолшы жас мамандармен жүздесті

26 Июня 2021 (11:29) | 1199 | Автор: Редакция

«Көлік жолы - қай мемлекетте де экономиканың күре тамыры» болып табылады. Бұл салада ұзақ жылдар абыройлы еңбек еткен аға буынның кейінгі ұрпаққа айтары көп.

Осыны ескерген ұлттық жол сапа орталығы еліміздің әр өңірінде тұратын ардагер жолшылармен арнайы жүздесіп, олар жиған тәжірибені күнделікті жұмыста қолдануға бет бұрды.

Ақтаулық ардагер, «Құрметті жолшы» төсбелгісін таққан Есіркеп Оразәлиев орталық филилына келіп, ұжыммен кездесті. Мамандар жарақтанған озық үлгідегі құрал-жабдықтар, жылжымалы зертхана жұмысымен танысты. Бұдан соң дөңгелек үстел өтіп, жас қызметкерлердің көкейтесті сауалдарына жауап берді.

«Жол саласында 1977 жылдан бастап еңбек еттім. Қатардағы қызметкерден бастап учаске бастығына дейін жоғарыладым. Қызмет жылдары ондаған шәкірт тәрбиеледім. Қазір олар еліміздің әр аймағында облыстық, республикалық автокөлік жолдары құрылысында жүр. Әлі күнге білмеген жерін сұрап, хабарласып тұрады. Бүгін арнайы шақырумен жол сапа орталығы келдім. Техникалық қамтылуы жағынан мәселе жоқ. Тек тиімді қолданып білсе болғаны. Біздің кезімізде жұмыстың денін қол күшімен атқаратынбыз. Тәуелсіздік алған жылдары бұл салаға көп көңіл бөлінді. Жастарымыз қызығушылығы жоғары екені қуантады» - деді ардагер жолшы.

Есіркеп Оразәлиевтің сөзінше, басқа аймақтармен салыстырғанда Маңғыстау өңірі көлік жолдарының сапасы жағынан көш ілгері. Жол құрылысына қолданылатын материалдар да өз жерімізде өндіріледі. Мәселен, Қаратау бойынан алынатын қиыршық тасты жергілікті компаниялар қолданса, Ақтаудағы битум зауыты ішкі нарықты отандық шикізатпен қамтып отыр.

«Жол құрылысы саласында 40 жылдан астам еңбек еткен ардагермен бүгін танымдық кездесу өтті. Алған әсеріміз зор. Есіркеп ағамыздың жол салу кезінде шаң көтерілмеуі үшін суға аз мөлшерде қара майды қосу арқылы шашу тиімді екенін айтқаны бізді қайран қалдырды. Осы тәсілді күнделікті жұмыста қолдануға шештік» - деді жас маман Оразалы Ақылбеков.

Филиал басшылығы енді осы үрдістен жаңылмай, әр сайын ең кемі бір ардагер жолшымен танымдық кездесу өткізуді күн тәртібіне қойған. Бұл, өз кезегінде өзге де кәсіпорындарға үлгі болары сөзсіз.

«ЖАҰСО» баспасөз қызметі.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему