Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары тағайындалды
9 Февраля 2021 (17:48) | 1775 | Автор: Редакция
2021 жылдың 08 ақпанында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Мұрат Сейтмолдаұлы Мұхановтың басшылығымен 2020 жылдың қорытындысы бойынша жиналыста жеке құрамға жаңадан Департамент бастығының орынбасары лауазымына тағайындалған азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлан Мақсұтұлы Жанабаевты таныстырды.
Нұрлан Мақсұтұлы Атырау облысында туып өскен. 2006 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген. Өзінің еңбек жолын 2006 жылы Атырау облысында инженерлік лауазымынан бастаған.
2006 жылдан 2014 жыл аралығында мемлекеттік өртті бақылау бағыты бойынша әр түрлі лауазымдарда жұмыс жасаған. 2014 жылы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекшілік –диспетчерлік қызметі басқармасының басқарған, 2017 жылы Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы болып тағайындалған.
Ағымдағы жылғы 02 ақпанда министрдің бұйрығымен Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему