Маңғыстау облысында 123 мобильді топ жұмыс істейді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 13:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында 123 мобильді топ жұмыс істейді

9 Декабря 2020 (15:46) | 2058 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысында 123 мобильді бригада жұмыс істейді. Оның 76-сы Ақтау қаласында, 47-сі аудандарға тиесілі. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева мәлім етті.

 

 

Оның айтуынша, тұрғындар өзін жайсыз сезінген жағдайда тіркелген емханаға қоңырау шалып, мобильді бригаданы шақырта алады. Арнайы топ қауіпті вирустың белгілері және пневмония белгілері бар тұрғындар мен созылмалы аурулары бар науқастарға үйден қызмет көрсетеді. Сондай-ақ жүкті әйелдер мен балаларға патронаж жүргізеді.

 

«Маңғыстау облысы бойынша 412 инфекциялық төсек орын бар. Қосымша реанимациялық 54 төсек орын жасақталды. Ал резервте 2 452 төсек орын дайын тұр. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде қолданылатын болады», - деді Ләззат Есенғалиева.

 

Айта кетейік, 9 желтоқсан күні өңірде «Covid-19» инфекциясын жұқтырған 9 адам тіркелді. Оның 7-і бұрын-сонды індетті жұқтырған адамдармен жақын қарым-қатынаста болған.

 

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему