Ақтауда жаяу жүргіншілер жолына жөндеу жүргізілуде
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 13:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда жаяу жүргіншілер жолына жөндеу жүргізілуде

12 Июня 2020 (17:20) | 2648 | Автор: Нурганым Имашева

2020 жылы қаланың абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Яғни, қазіргі таңда периметрлер бойынша жаяу жүргіншілер жолдарына жөндеу, қалпына келтіру жүргізілуде.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 4-шағынаудандағы жаяу жүргіншілер жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Мердігер – «Ағашты -1» мекемесі. Жөндеу жұмыстарын 3 ай ішінде толығымен аяқтау жоспарланып отыр. Жаяу жүргіншілер жолының аумағы – 6 мың шаршы метр.

 

-Бүгінгі таңға дейін 420 шаршы метр аумаққа асфальт төселді. 4-шағынауданның сыртқы периметрінің жаяу жүргіншілер жолына жөндеу жұмыстарының басталу себебі: екі жағындағы бетон жақтаулар кетіп қалған, асфальт беті шұрық тесік, жарылып кеткен. Негізі дефектілік актілері бұрынғы жылдары жасалған еді. Қаржының тапшылығына байланысты, бұл жұмыстар кейінге қалдырылып келді. 3 айдың ішінде түгелімен жаяу жүргіншілер жолы ауыстырылады,-дейді Ақтау қалалық тұрғын-үй комуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев.

 

 

Оның мәлімдеуінше, 3-шағынаудан периметрінің жаяу жүргіншілер жолы жөндеуден өтуде. Жалпы аумағы 1,9 км болатын тротуар кезең-кезеңмен жөнделмек. Мердігер мекеме өкілінің айтуынша тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайсыздық тудырмау мақсатында, жаяу жүргіншілер жолы 200 метрден кезекпен жөнделіп тұрмақ. Бүгінде алғашқы 200 метр аумаққа демонтаж жасалып, жиек тастар орнатылуда. Жұмыстарды екі ай ішінде аяқтау жоспарланған. Мемлекеттік сатып алу арқылы «Беркан» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Жұмыстар уақытылы жүргізілетін болады. 8а-шағынаудан периметрінің жаяу жүргіншілер жолы да жасалады. Жеңімпаз «Global west constraction» ЖШС анықталды. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

 

Сонымен қатар, тіреу қабырғаларын сырлау, 14-15 шағынаудандардағы кіші баннерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта орындықтар мен қоқыс жәшіктерін сырлау және күтіп ұстау, балалар ойын алаңдарымен спорт алаңдарына сырлау жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар, қала аумағындағы ескерткіштерді жуу, шағын сәулет нысандарын сырлау, жаяу жүргіншілер жолдарын күтіп ұстау жұмыстарды атқарды.

 

Суреттер редакция мұрағатынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему