98 494 АДАМҒА 4,2 МЛРД. ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНДІ
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 03:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

98 494 АДАМҒА 4,2 МЛРД. ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНДІ

17 Апреля 2020 (11:38) | 1934 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламасы басқармасының басшысының орынбасары Әсет Шопанов хабарлады.

 

 

-Бүгін, біз тағыда 42 500 теңге – әлеуметтік төлем жөнінде әңгіме қозғаймыз. Сіздердің назарларыңызға, бүгінгі күні облысымызда 231 мың өтініш түсті, оның 104 мың өтініші тіркеуден бас тартылды. Қалған 127 мың өтініш бойынша электрондық іс макеті жасақталып, 1 724 өтініш Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен бас тартылды. 98 494 адамға 4,2 млрд. теңге көлемінде әлеуметтік төлем төленді.

 

Сонымен қатар, Қағидаға есеп шотты көрсетпей өтініш беру мүмкіндігі қарастырылып, өзгеріс енгізілді. Қазіргі таңда әлеуметтік төлем тағайындалған 3 260 адамның есеп шотын көрсетілуін күтілуде.

 

Естеріңізге сала кетейін, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты әлеуметтік төлем табысынан айырылған келесі санаттағы тұлғаларға беріледі:

 

- жеке кәсіпкерлерге және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, ал карантин енгізілген елді мекендердегі ірі кәсіпкерлік субъетілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

- жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, медиатор, репетитор);

- бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерге, ЕСП депте айтамыз;

- азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын тұлғаларға;

- мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне.

 

Сонымен қатар, өзін – өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарға, яғни бейресми, салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, осы күнге дейін ЕСП төлемей, бірақ өзінің тіршілігін жасап, жұмыс жасап, былай айтқанда тиын – тебенің тауып жүрген адамдарға осы әлеуметтік төлемді алуға мүмкіндік бар. Ол үшін азаматтар ЕСП төлеу арқылы өз ісін заңдастыруы қажет. Яғни бүгін ЕСП төлеп, келесі күні әлеуметтік төлемге өтініш бере алады. Ол қалалықтар үшін 2 651 теңге, ауыл тұрғындары үшін 1 325 теңге,- деп түсіндірді басқарма басшысының орынбасары Әсет Шопанов.

 

Анықтама үшін:

 

Бірыңғай жиынтық төлемді азаматтар екі жолы арқылы төлей алады.

 

Бірінші – Халық банк, Fortebank, Сбербанк, Jysan bank, Bank Center Credit, Каспи банктің мобильді қосымшаларында және «Қазпошта» бөлімшелерінің мобильді қосымшаларында;

Екінші – SMS – арқылы төлеу. Ол үшін 5505 нөміріне SMS жіберіп, қала тұрғындары үшін «GORODESP ИИН», ал ауыл тұрғындары үшін «SELOESP ИИН» деп көрсету қажет.

 

Әсет Шопановтың айтуынша, «Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz сайты немесеTelegram мессенджеріндегі «Mangystau42500Bot» арқылы беруге болады».

 

Ә.Шопанов жиі қойылатын сұрақтарға тоқтала кетті.

 

 

Көп қойылатын сұрақтардың бірі: Мен зейнеткер едім, мүгедек жан едім, студент едім немесе бала күтімінде отыр едім, яғни декретте маған тиісті ме? – деген сұрақ.

 

-Бұл жерде ескертейін дегенім, төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты төленбейді. Яғни, азаматтардың жасына, зейнеткерлігіне, мүгедектігіне немесе басқа да жайттарға қарамайды. Бұл төлем, жарияланған төтенше жағдайға байланысты шын мәнінде табысынан айырылған болса, онда ол азаматтарға бұл төлем тиісті болады.

 

Мысалға, зейнеткер немесе мемлекеттік жәрдемақы алып жүрген азаматтар. Ол кісілер үшін мемлекет тарапынан, бюджет есебінен ай сайын зейнетақы мен жәрдемақы төленіп келеді. Ол төлемдер төтенше жағдайға байланысты тоқтаған жоқ, қайта олардың мөлшері артып жатыр. Сондықтан, кешірім сұраймын, бұл азаматтар төлемге ие бола алмайды.

 

Бірақ, егерде зейнеткер немесе жәрдемақы алып жүрген жандар, яғни көп балалы аналарымыз, мүгедек жандарымыз төтенше жағдайға дейін ресми түрде жұмыс істеген болса, яғни бір мекемеде жұмыс істеген болса, жеке кәсіпкер болса немесе ЕСП төлеген болса ол ескеріледі. Жалпақ тілмен айтсам, зейнетақы, жәрдемақы көлемі көп емес, сондықтан қосымша табыс тауып жүрген болса, онда бұл азаматтарымызға бұл төлем тиісті. Тағыда нақтылап кетейін, бұл азаматтар төтенше жағдайға дейін ресми жұмыс жасаған болса әлеуметтік төлемді ала алады,-деп жауап берді спикер.

 

Келесі сұрақ: Менің банкте есеп – шотым жоқ еді, тумаласымның, досымның немесе ата – анамның есеп – шотын көрсетсем бола ма?

 

-Бұл жерде әр азамат өзінің есеп – шотын көрсетуі тиіс. Себебі, басқа жағынан қарасақ, алаяқтар пайдаланып кетуі мүмкін. Мысалға, алаяқтар азаматтардың аты – жөнін, ИИН-ін тауып алып, өзінің есеп – шотын көрсетіп азаматтардың атынан өтініш беруі мүмкін. Сол кезде шын мұқтаж азаматтарға тиісті ақшаны алып кетуі мүмкін. Сондықтан, әр азаматтың өзінің есеп – шоты болуы тиіс.

 

Соңғы өзгерістерге байланысты, өтінішті бүгінгі күні есеп – шотты көрсетпестен беруге болады. Жоғарыда айтып кеткенімдей, бүгінгі күні ондай өтініштер саны 3 260.

 

Бұл жерде ескерте кетейін дегенім, азаматтарға төлем тағайындалғандығы жөнінде хабарлама келгеннен кейін, отыз күн ішінде есеп – шотын ұсыну қажет,- дейді МО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламасы басқармасының басшысының орынбасары Әсет Шопанов.

 

Суретті ұсынған МО қоғамдық коммуникация орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему