Маңғыстаулық жас кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар арқылы  өз бизнесінде жетістіктерге жетуде
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 16:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық жас кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз бизнесінде жетістіктерге жетуде

4 Марта 2020 (09:03) | 2064 | Автор: Нурганым Имашева

Елімізде жеке кәсібін ашып, өз ісін дөңгелеткісі келетіндер қатары жыл сайын артып келеді. Осы орайда шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылуда.

 

 

Соның бірі «Бастау» жобасы. Осы жоба арқылы білім алған тәлімгерлер қайтарымсыз қаражат ала бастады. Жыл басынан бері Бейнеу ауданынан 5 грант, Жаңаөзен қаласынан 30, Ақтау қаласынан 10 грант ұтып алды.

 

Атап айтсақ, Ақтау қаласынан алғаш ашылған «Муви рум» антикино залы. Жас кәсіпкер Шынар Мұхитова бұл кәсіптің түрі қаламызда болмағандықтан ашуды шешеді.

 

Кәсіп ашуға 1 млн 300 мың шамасында қаражат жұмсалған, соның 530 мыңы грант. Кино көруге 14-40 жас аралығындағы адамдар келе алады.

 

 

Кинозал 3 бөліктен тұрады: 1 залда 1-2 адам, 2 залда 1-5 адам, 3 залда 1-10 адам фильм көруге мүмкіндіктері бар. Кіру құны 2 сағатқа 3500 теңге.

 

Ал, Жаңаөзен қаласынан жас кәсіпкер Әлия Кулиева «Еңбек» бағдарламасымен ең алғашқы шағын балалар ойын сауық орталығын ашты. Бұл орталықтың ерекшелігі - балалардың ми жүйесінің дамуына, ойлау қабілетінің қалыптасуына, шығармашылығын шыңдауға ықпалын тигізеді. Мұнда 3-12 жас аралығындағы балалар уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізе алады.

 

Орталықтың іші заманауи құрал- жабдықтармен жасақталған. Алматы қаласынан арнайы тапсырыспен алдыртылды. Ата-аналарға арналған тамақтану орыны да қарастырылған.

 

Сондай-ақ , жас кәсіпкер Айнұр Тілекқабылова «Қайтарымсыз қаражат» жобасы бойынша 530 мың теңге ұтып алып, Бейнеу ауданынан кондитерлік өнім жасайтын цех ашып, өзінің сүйікті ісімен айналысып отыр.

 

Ұннан жасалынған тәтті торт, тоқаш, бәліш өнімдерін жасап шығаруда. Цехті ашудағы мақсаты - халықты қол жетімді бағада тәттілермен қамтамасыз ету. Тәттілерді пісіруге арнайы пештер мен табаларды Алматы қаласынан тапсырыспен алдырған. Қазіргі таңда ауыл супермаркетімен шартқа отырып, күніне бәліш, самса өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

 

 

Алдаға уақытта Ақтау қаласы бойынша - 60 грант, Жаңаөзен қаласына -130, Мұнайлыға - 50 , Бейнеу ауданына - 45 , Маңғыстау ауданына - 35 грант, Түпқарағанға - 45 , Қарақия ауданына - 35 грант бөлу жоспарда бар.

 

-«Еңбек» бағдарламасы еліміздегі жұмыссыздардың санын азайтуға пайдасы мол кәсіп ашуға септігін тигізіп отыр,- деп хабарлайды жағымды жаңалықпен бөліскен өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының баспасөз қызметі. Сурет ehonews.kz сайтынан және баспасөз қызметінен.

 

Сурет ehonews.kz сайтынан және баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему