Кадрлық ауыс-түйіс
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 14:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Кадрлық ауыс-түйіс

28 Января 2020 (11:21) | 1717 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін аймақ басшысы Серікбай Трұмов аппараттық жиында облыс әкімдігіндегі жаңадан тағайындалған басшыларды таныстырды.  

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып Қуаныш Берішбаев тағайындалды.

 

Сонымен қатар, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы қызметіне Әділов Мұрат тағайындалды.

 

Қуаныш Серікұлы  білімі жоғары.

 

2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін инженер-механик, 2011 жылы экономист-менеджер мамандықтары бойынша тәмамдаған. 2015 жылы Алматы Менеджмент университетінің іскерлік әкімшілік магистрі академиялық дәрежесі берілді.

 

Еңбек жолын 2004 жылы Ақтау қаласындағы «СМК-4» ЖШС-да құрылыс шебері ретінде бастады.

 

2007-2009 жж. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның екі департаментінде жұмыс істеді.

 

2009-2011 жж. -  «Маңғыстау облысының әкімі» мемлекеттік мекемесінде ұйымдастыру-бақылау бөлімінде бас маман кейіннен бас инспектор қызметін атқарды

 

2011-2012 жж. - Маңғыстау ауданы әкімінің аппарат басшысы.

 

2012-2013    жж.  - Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысы

 

2013-2015  жж. - Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары 

 

2015-2016 жж. - Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

 

2016-2017 жж. -  Ақтау қаласы әкімінің орынбасары

 

2017-2018 жж. - Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

 

2018-2020 жж. - Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

 

Мұрат Маматұлы білімі жоғары «инженер – механик» және «заңгер» мамандықтарын бітірген.

 

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінде жетекші маман қызметінен бастаған.

 

2007 – 2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша басқармасының бас маманы, кейін консультант, бөлім бастығы болды.

 

2013 – 2014 жылдары Алматы қаласының Статистика департаментінің кадрлық-ұйымдастыру және заң қызметі басқармасының басшысы.

 

2014 – 2020 жылдар аралығында Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының кеңсе меңгерушісі,кейін Алматы қалалық сотының сот приставы, бас маманы қызметтерін атқарған.

 

Суреттер Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему