Полиция Департаменті шетелдіктерді ішкі істер органдарында тіркеудегі өзгерістер туралы хабарлайды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 04:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Полиция Департаменті шетелдіктерді ішкі істер органдарында тіркеудегі өзгерістер туралы хабарлайды

9 Января 2020 (18:40) | 2344 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы Полиция Департаменті (ПД) Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазақстан Республикасының Президенті К. К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шетелдіктерді ішкі істер органдарында уақытша тіркеуді жою мәселесін пысықтады.

 

 

-Осыған байланысты, шетелдіктерді ішкі істер органдарында тіркеуді жою көзделіп отыр, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында тіркеусіз не тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жайда тұрмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталады.

 

Бұл ретте 30 тәуліктен астам Қазақстан Республикасына келген шетелдіктерге уақытша болуға рұқсатты ресімдеу қажет болады, бұл халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді. 

 

Оның уақытша тұруына рұқсаттың келуі, болуы және ресімделуі туралы хабардар ету үшін барлық жауапкершілік оларды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғаларға жүктеледі,- делінген облыстық ПД-нен келіп түскен хабарламада.

 

Ведомствоның Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Қазіргі уақытта "Халықтың көші-қоны туралы" заңда қабылдаушы тұлғалардың өздерінде уақытша жүрген шетелдіктер туралы хабарлау механизмі қарастырылған, хабарлау рәсімі автоматтандырылған және "Бүркіт"бірыңғай ақпараттық жүйесінің визалық-көші-қон порталы арқылы іске асырылды».

 

-Осыған байланысты Маңғыстау облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы 2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасына келетін барлық шетелдік азаматтар мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде автотіркеуден өтетінін хабарлайды,- Маңғыстау облысы Полиция Департаменті.

 

Суретnp.kz сайттарынан алынған

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему