Бизнес-омбудсмен маңғыстаулық кәсіпкерлермен жеке кездесті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 11:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бизнес-омбудсмен маңғыстаулық кәсіпкерлермен жеке кездесті

30 Ноября 2019 (11:34) | 3430 | Автор: Редакция

Ақтау қаласында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовпен кездесті. Оның барысында облыстағы кәсіпкерлікті дамыту жайы талқыланды.

 

 

Бизнес саласында атқарылған жұмыстарға есеп берілді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев: «2019 жылдың 11 айында Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы 519 өтініш қарады. Оның 129-ы бизнесті қорғау саласы бойынша. Аталған өтініштердің 66 немесе 51% оң шешіліп, 1,62 млрд.теңге сомаға кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары қорғалды. Есепті кезеңде кеңестің 8 отырысы өткізіліп, онда 14 мәселе қаралды. Жаңаөзен қаласында өткен отырыста жер қатынастарына қатысты кәсіпкерлердің 3 түйіткілді мәселесі қаралды»,- деді.

 

2014 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кәсіпкерлерді қорғау жұмысын күшейту мақсатында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметін енгізуді тапсырды. 2017 жылы Бизнес-омбудсмен ҚР Президенті жанындағы құқықтық саясат жөніндегі Кеңестің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Комиссияның құрамына кірді. «2016-2018 жылдары Бизнес-омбудсмен аппаратына бизнесті қорғау бойынша 17 мыңнан астам өтініш түскен. Өтініштердің 46 пайызы шешілді. Кәсіпкерлердің қорғалған мүліктік құқықтарының сомасы 110 млрд теңгені құрады. Бұл-күші жойылған айыппұлдар, өсімақылар, кәсіпкерге қайтарылған, сақталған мүліктер. Ең көп арыздар жер, салық, сатып алу және құқық қорғау органдарының әрекеттеріне қатысты болған. Мәселен, Маңғыстау облысының кәсіпкерлерінен 2018 жылы 133 өтініш түскен, оның 70-і оң шешімін тапты»,- дейді "Атамекен" ҚР ҰКП қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры Ербол Үстеміров.

 

Кездесу барысында тараптар өңірдегі кәсіпкерліктің түйінді мәселелері мен оларды шешу жолдары туралы бірлескен жол картасына қол қойды. Сөйтіп кәсіпке кедергі келтірушілермен қоян қолтық күресетін болып уағдаласты.

 

 

Одан әрі Болат Әбілқасымұлы Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасында іскерлерді жеке қабылдады. Уәкілмен бетпе-бет кездесуге жергілікті 20-ға жуық кәсіпкер келіп, бизнестегі мәселесін айтты.

 

«Біз жолаушылар тасымалы мәселесіндегі қиындықты айттық. Негізі автобуспен 7 жасқа дейінгі балалар тегін, 7-15 жас 50% төлем жасалады. Осыларға ғана жеңілдіктер бар. Ал, бізге көп балалы, мүгедек тағы басқа 10 түрлі категория бойынша азаматтарды тегін тасуды жергілікті әкімдік міндеттеп отыр. Жол ақысы-50 тг, еліміз бойынша ең төмен. Жоғарыдағы азаматтар үшін субсидия төлеуді сұрап келдік»,- дейді «Жолаушы-Ақтау» ЖШС директоры Руслан Ахметнабиев.

 

Қабылдауға келген кәсіпкерлердің дені жер учаскесі, сұйытылған газ, балабақша, жолаушылар тасымалы мәселелерін қозғады.

 

 

«Іскерлерді толғандырған жайттармен толық таныстым. Оларды шешу жөнінде нақты шаралар жасалады. Тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар беріп, жағдайды реттеуге ықпал етеміз. Осында айтылған мәселелер мен өтініштерді есепке алып, оларды жауапсыз қалдырмаймыз",- деп мәлімдеді Болат Палымбетов.

 

Бизнес-омбудсмен өңірлердегі мұдай шаралар қордаланған мәселелердің оң шешілуіне септігін тигізетінін атап өтті.

 

Фото палата предпринимателей

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему