Бүгін Маңғыстау түлектерінің алғашқы легі үшін ҰБТ басталды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бүгін Маңғыстау түлектерінің алғашқы легі үшін ҰБТ басталды

20 Июня 2019 (18:43) | 3398 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 19 маусым – сәрсенбі күні өткен брифингте Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.

 

 

-Жалпы, өңірде 20-маусымда білім сынағының бірінші кезеңі басталады. Облыс бойынша ҰБТ 4 пунктте өткізіледі. Олар: Ақтау қаласы, Ш.Есенов университетінің ғимаратында, Жаңаөзен қаласындағы 19-мектепте, сондай-ақ, Маңғыстау ауданы, Б.Жұмалиев орта мектебі ғимаратында және Бейнеу ауданындағы Күйкен орта мектебінде.

 

Бүгінгі таңда тест өтетін орталықтар салқындатқыш, металл анықтайтын және ұялы телефонның дыбысын тұншықтырғыш құралдар, түлектер үшін су беретін құрылғылармен толықтай жабдықталған.

 

 

Барлық орталықтарда жергілікті полиция өкілдері мен денсаулық сақтау қызметкерлері кезекшілік ететін болады. 3 сағат 50 минутқа созылатын білім сынағына облыс бойынша 5596 мектеп бітірушінің 4298 –і қатысуға ниет білдірді,- деді Асқар Әбиұлы.

 

Оның мәлімдеуінше, «Ақтау қаласында 2304 түлек ҰБТ тапсырса, Жаңа Өзенде олардың саны 1000-нан асады, ал Бейнеу ауданында сынақтан өтетіндер - 460 бала болса, Маңғыстау ауданындағы ҰБТ тапсырушылар -430 түлек.

 

 

Сынақтан өтушілер санының көп болуына байланысты, ҰБТ Ақтауда 5 кезеңде өткізіледі, ал қалған пункттерде 1-2 кезеңге бөліп жүргізілетін болады».

 

ESENOV UNIVERSITY базалық факультетінің деканы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Қайырбек Макуловтың айтуынша, биылғы сынақтың ең басты ерекшелігі осы жылдан бастап жылына 4 мәрте өткізіледі. Осыған дейін қаңтар-наурыз айларында өткен сынақ қорытындысымен бітіруші ақылы оқу орынына тапсыратын болса, осы маусымдағы сынақ ақысыз оқуға түсуге мол мүмкіндік бермек.

 

Жалпы, соңғы ҰБТ тамыз айында өтеді. Барлық пункттерді жергілікті білім бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құрылған комиссия бақылайды.

 

 

-Биыл 4 пунктте 4 қызметкеріміз бақылауды жүзеге асыратын болады. Олар министрлік өкілдерімен бірігіп ҰБТ кезінде құқық бұзушылық және басқалай тәртіпсіздіктер орын алмауын қадағалайды. Алдыңғы жылдары сынақ уақытында өрескел тәртіп бұзушылықтар тіркелген емес,- деді Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ.

 

 

Облыстық білім басқармасының басшысының мәлімдеуінше, «Әдеттегіше 5 пәннен тұратын сынақ облыста 29-маусымда қорытындыланады. Ал, 30-маусымда түлектер даулы мәселелер бойынша аппеляцияға қатыса алады.

 

Биыл Республика бойынша 117 мың оқушы алтын ұя мектептерінен түлеп ұшса, олардың қатарында Маңғыстаудан 159 «Алтын белгі» иегері бар. Мемлекеттік гранттың тапсырысы қазіргі таңда 66556 құрап отыр. Оның 51085-і бакалавриат, 2312 - докторантураға түсетін үміткерлерге және 11085 -і магистратураға ниеттілерге арналған».

 

Суреттер Өңірлік коммуникациялар қызметінен және Казинформ сайтынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему