11 маңғыстаулық каратеші халықаралық жарыстан алтынмен оралды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 02:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

11 маңғыстаулық каратеші халықаралық жарыстан алтынмен оралды

18 Июня 2019 (21:17) | 2140 | Автор: Нурганым Имашева

14-16 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында каратэ-додан «Kazakhstan Open» халықаралық турнирі өтті. Дүбірлі додаға 14 мемлекеттің 550 «мен мықты» деген спортшылары қатысып, бақтарын сынады. Жарысқа Маңғыстаудан 50 спортшы қатысып, оның 11-і алтын, 9-і күміс және 10-і қола медальді иеленіп облыс мерейін өсірді.

 

 

-Жарысқа Мұнайлы ауданынан 10 спортшы апардым. Оның ішінде екеуі алтын медальді және екеуі күміс медальді қанжығаларына байлады. Тарқатып айтар болсам 30 келі салмақта Мадияр Баймұрат пен 40 келі салмақта Ерлан Ердәулет алтыннан алқа тақса, 45 келі салмақта Ақылжан Қыдырбаев және 57 келі салмақта Айдос Мұхат күміспен апталды. Мұнайлылық жастарды жарысқа мен, Айбек Төребаев, Сұлтан Райым атты бапкерлер дайындады,-дейді Мұнайлы ауданының бапкері Ерлан Сәрсенов.

 

 

10 жасар Мадияр Баймұрат астаналық, қырғызстандық, қарағандылық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңіп, финалға жолдама алған. Шешуші сәтте бар күш жігерін жинап, өзбекстандық қарсыласын 2:0 есебімен ұтып, алтын медальдін иесі атанды.

 

-Бұл жарысқа үлкен дайындықпен бардым. Ақорда төрінде өтіп жатқан жарыстан жүлделі орынды иелену үшін барымды салып, мықтылығымды дәлелдеуге тырыстым.

 

 

Халықаралық деңгейде өтіп жатқан жарыс болғандықтан қай спортшы да еліне жеңіспен оралғысы келеді, кең ауқымдағы осындай жарыстарда елінің әнұранын әуелетіп, жеңіс тұғырынан көрінгісі келеді.

 

Алтын медальдің иесі атанғаныма өте қуаныштымын. Халықаралық жарыстан алған алтынымның бұл басы деп есептеймін. Мен бағындыратын биіктер әлі алда. Жарысқа дайындаған бапкерлеріме алғыс айтамын,-дейді 30 келі салмақ бойынша алтын медальдің иесі Мадияр Баймұрат.

 

Суреттер спортшылардың мұрағатынан алынды

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему