«Алтын оймақ» байқауына маңғыстаулық Әлия Алхабаева қатысады
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 01:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Алтын оймақ» байқауына маңғыстаулық Әлия Алхабаева қатысады

12 Июня 2019 (11:12) | 2348 | Автор: Нурганым Имашева

Биыл «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен елімізде алғаш рет отандық дизайнерлер арасында «Алтын оймақ» байқауы өтеді. Мақсат - отандық дизайнерлерге және ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Сондай-ақ, қолөнер шеберлерінің есімін елге таныту. Маңғыстаудан айтулы байқауға қатысуға 19 іскер өтінім беріп үлгерді. Солардың бірі - Әлия Алхабаева.

 

 

Әлия Жүсіпқызы бала кезден тігіншілік өнерді жаны сүйді. Елден ерекше киінуді, өзгеше талғамды қалап тұратын еді. Мектеп бітірген соң ағылшын тілі бағытында білім алып, аудармашы, шет тілі мұғалімі болып қызмет атқарды. Кішкентай қызы өмірге келіп, ана атанғанда Әлияның тігінге деген махаббаты қайта оянды. Бүлдіршіннің киімдерін өзгелермен бірдей қылмай, өзі тігіп кигізіп жүрді. Осылайша балалар киімі дизайнын этно стильде ойлап табу қажет деген идея туды.

 

 

Арман мен мақсат үлкен шабытқа ұласып, балалар киімі, анасы мен қызы деген тізбекпен киім тігуді бастап кетті. Ол үшін арнайы курста оқып, тігу техникасын жетілдірді.

 

Осы жылдың қаңтар айында Аi_hanym_kids брендінің негізін қалап, өз ісін ашты. Іскер қыздың мақсаты - ата-бабаларымыздан бүгінге дейін жеткен ою-өрнектер мен ұлттық құндылықтарымызды заманауи нақышпен үйлестіріп, жаңаша үлгіде киім тігу. Әлияның басқа дизайнер, тігіншілерден ерекшелігі - табиғи зығыр матасын ғана пайдалануы. Зығыр матасын ұлттық болмыспен үйлестіріп, сәнді көйлектер тігуі.

 

 

Жас дизайнердің киімдеріне сұраныс біртіндеп артып келеді. Жақында Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Ұлттық өнім-2019» көрмесіне Ақтаудың атынан барып қатысқанда, оның киім үлгілеріне айтулы дизайнерлердің біразының көзі түскен. Оның өзіндік дара стилі, қайталанбас қолтаңбасы бар екенін, болашақта үлкен жетістіктерге жетуге әбден лайық екенін айтушылар күрт көбейді.

 

Көрме соңы жәрмеңкеге ұласып, келушілер Әлияның көйлектерін сатып алып кеткен. Қазір айына 5-6 көйлек тігеді. Жаңа үлгілерін ірі сауда орталықтарына да шығара бастады. Киімдердің құны тігу техникасына қарай бағаланады.

 

Тігіншінің айтуынша, киімдердің тігілуі мен матасында мін жоқ. Өйткені, көйлектердің дизайнын ойлап табу, пішу, тігу, өрнектермен сәндеу барлығы Әлияның өз қолынан шығады. Ал, шикізаттар мен зығыр матасы Ресей, Беларусь елдерінен, АҚШ-тан жеткізіліп отыр. Болашақта жеке тігін шеберханасын ашып, жұмысшы санын көбейтіп, өнімді арттыруды мақсат етеді. Жалдамалы тігін шеберханасында жүрген ол діттеген мақсатына айқын бет бұрды.

 

 

«Алтын оймақ» байқауы туралы Әлия әріптестерінен естіді. Оның шарттары мен талаптары көңіліне қонып, көп ойланбай қатысуға бел буды.

 

Маңғыстау облысы іскер әйелдер Кеңесі жанындағы «Маңғыстау облыстық киім дизайнерлер одағы» қауымдастығының тең құрылтайшысы Диана Ботаева:

 

-Ісін енді бастаған дизайнерлер өздері ойластырып, тігіп, тапсырыс қабылдаса, қазір олар оқып, көрмелерге қатысып, ұлттық киім ғана емес, күнделікті өмірде киетін киімдер шығарып жатыр.

 

Өңірде ғана емес басқа қалаларға киімдерін сататын белгілі жетістікке жеткен дизайнерлер бар. Олар осы байқауға қатысып, бизнесін дамытуға гранттар ұтып алуына болады.

 

Дизайнер мамандығы Қазақстанда мұнайшы секілді сұранысқа ие мамандық болуы керек, - дейді.

 

Маңғыстау облыстық іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова «Алтын оймақ» байқауы отандық дизайнерлердің елге танылуына ықпал ететінін атап өтті. -«Алтын оймақ» – Қазақстанда талантты, ешкімге белгісіз, аты жоқ адамдарды шығаратын байқау. Оны жыл сайын өткізу жоспарда бар. Алғашқы жылы күмәнмен қарайтындар көп болады.

 

Бірінші байқау қалай өтеді, соған байланысты адам талаптана береді. Ол байқаудың дизайнерлердің серіктестік орнатып, бірігуіне мол мүмкіндік беретінін және мұны қолдайтынын жеткізді. Бір адамға көтерілу өте қиын. Бірігіп шағын өндіріс құрса, нәтиже болады, - дейді Сәуле Салихова.

 

«Алтын оймақ» байқауында комиссия лауреаттарды іріктейді. Екінші кезеңде үміткерлер қоғамдық онлайн-дауыс беруге қатысады. Бас жүлдеден үміттілер маусым айында Елордада өтетін «Жеңіл өнеркәсіп» форумында жарияланады.Үшінші кезеңде алты лауреаттың ішінен жеңімпаз таңдалады. Марапаттау салтанаты желтоқсан айында өтеді1,-деп хабарлайды осы жағымды жаңалықпен бөліскен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

 

Суреттерді түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему