Ақтаулық құтқарушылар ″Жол Баян″ радиосы арқылы тұрғындарды суда сақ болуға шақырды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 18:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық құтқарушылар ″Жол Баян″ радиосы арқылы тұрғындарды суда сақ болуға шақырды

7 Июня 2019 (11:42) | 7238 | Автор: Нурганым Имашева

Шомылу маусымы басталу алдында суда болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Жол Баян» радиосында қала тұрғындарына теңізде суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті.

 

 

Құтқарушылар ескертеді: жүзе білу – судағы қауіпсіздіктің кепілі емес. Жағалаудан сәл ары қарай жүзіп кетіп, сол сәтте шаршап қалуыңыз ықтимал, толқын алып кетуі немесе суық судан аяғыңыз тартылуы абден мүмкін. Қауіпсіздік ережесін қатаң түрде орындау қажет: таныс емес аймақта сүңгуге, үрленген матрастармен алысқа жүзіп кетуге, мас күйінде суға түсуге, малту білсе де суда балаларды қараусыз қалдыруға болмайды.

 

 

Зардап шегушіге бірінші көмек ретінде, демалмаса шұғыл түрде «ауызба ауыз» жасанды тыныс жасау қажет. Алдын ала ауыз қуысын тазалауды ұмытпаңыз, содан кейін басын шалқайтып тұрып, мұрнын саусақпен жауып ауыз қуысына қарай ауа үрлеуді бастаңыз.

 

Адамның ауызынан су шыға бастағанда оның басын бір жағына қарай бұрыңыз.

 

Радио арқылы тұрғындарлы ескерту барысында Ақтауқаласы ТЖ Басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанаты Р. Наурызов қаладағы шомылуға рұқсат етілмеген орындары және су айдындарында демалыс орындарын жабдықтау ережесі туралы ақпаратпен бөлісті.

 

 

Сонымен бірге суға батып бара жатқан адамдарға негізгі көмек көрсету және суда шомылу ережелерін түсіндірді. Суда қауіпсіздік ережесін ұстану сіз бен сіздің жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Абай болыңыздар!

 

 

Р. Наурызов

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанаты

 

Суреттер және видео автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему