Туберкулезге шалдыққандарға облыста қандай жағдай жасалып отыр?
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 14:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Туберкулезге шалдыққандарға облыста қандай жағдай жасалып отыр?

29 Марта 2019 (11:31) | 5184 | Автор: Нурганым Имашева

Әлемде әр минут сайын 3 адам туберкулез дертінен жан тәсілім етеді. Дүниежүзі ғалымдары мұның дауасын іздеп, тамырына балта шабу үшін түрлі зерттеулер жасап жатыр. Жылда 24 наурыз – Бүкіләлемдік туберкулезге қарсы күрес күні ретінде атап өтіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен белгіленген бұл күннің жыл сайынғы ұраны әртүрлі. Ал биыл «Туберкулезді жою, сырқаттарды толық емдеп жазу» деген ұранмен өтіп жатыр (Find. Treat. All. #EndTB»).

 

 

Қазақстанда туберкулез тегін емделеді. Туберкулездің алдын алу, анықтау мен емдеу кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде жүргізіледі. 2019 жылы аталған дертке шалдыққан азаматтарды емдеу мен әлеуметтік көмек көрсетуге мемлекеттік бюджеттен 47,7 млрд теңге бөлінді. Ал Маңғыстауға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» жергілікті филиалы берген деректер бойынша, 1 млрд 455 млнға жуық қаржы бөлінді.

 

Маңғыстауда туберкулез ауруына шалдыққандарға ем-дом жасап, сауықтыру жүргізетін 2 мекеме жұмыс істейді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалы «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» мекемесіне 2019 жылға шамамен 1 млрд. 360 млн теңге қаржы бөлген. Ал Тұщыбек ауылында орналасқан Е.Оразақов атындағы облыстық туберкулезге қарсы санаторийге 96 млн 210 мың теңге бөлініп отыр.

 

Өлкемізде былтыр 750 пациент есепте тұрған

 

Ресми статистикаға сүйенсек, 2018 жылы Қазақстанда 35 мың 181 пациент диспансерлік есепте тұрған болатын (оның 14 мың 874-і туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар). Оның ішінде 8 мың 942 адам пациенттер қатарына жаңадан қосылғандар. Пациенттердің басым бөлігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында (3604), Алматы облысында (3311), Шығыс Қазақстан (2860) және Қызылорда (2495) облыстарында тұрады. Ал 2018 жылы Маңғыстауда туберкулез ауруымен 673 пациент есепте тұрды.

 

Облыстық туберкулезге қарсы диспансер көрсеткен деректер бойынша, өлкемізде былтыр 2017 жылмен салыстырғанда туберкулезге шалдыққан науқастар 4,2%-ға азайған. Былтыр диспансерде тіркелген науқастар саны – 750, ал барлық құжаттары дұрыс 729 науқас есепте тұрған. Қалған азаматтар көбіне босқындар, үй-күйсіз жүрген азаматтар. Туберкулезге қарсы диспансердің мәліметінше, ресми есепке алынбаса да, құжаты жоқ азаматтарды өзге тұрғындарға жұқтырмас үшін, емдеу қажет.

 

Туберкулезді қалай алдын алуға болады?

 

Дер кезінде анықталып, тиісті ем-дом жасалса туберкулезді толық емдеп жазуға болады. Сондықтан ауруды асқындырмай, емдеуші дәрігердің нұсқауларын орындаудың маңызы зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2000 және 2016 жылдар аралығында туберкулезді ерте анықтау мен емдеу нәтижесінде әлем дәрігерлері 53 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалған.

 

 

Туберкулездің қарапайым түрін емдеуге шамамен 6 айға жуық уақыт кетеді. Қазақстанда бұл ауру интеграцияланған бақылау стратегиясы бойынша емделеді. Бақылаудың бұл түрі туберкулездің жабық түрімен ауыратын науқастардың емханада амбулаторлық ем қабылдауына мүмкіндік береді.

 

Туберкулездің алдын алу үшін емханада тұрақты тексеруден өтіп тұру қажет. Тексеру мен екпе егу кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде тегін жүргізіледі:

 

• БЦЖ вакцинасы – туғаннан кейін бірнеше күн ішінде салынады;

 

• 7 мен 14 жас аралығында БЦЖ-дан ревакцинация жасалады (екпе екпес бұрын – Манту сынамасын салып, организмнің реакциясын тексереді);

 

• флюорографиялық скрининг (ересектерге, жыл сайын);

 

• көрсетілімдер болса: рентгенография жасау.

 

Туберкулез ауруы қалай байқалады?

 

Туберкулез адамда бірден пайда болмайды, өкпе қабынуы асқынып, уақыт өте келе біртіндеп көрінеді. Сондықтан, аалғашқы кезде туберкулезді байқау мүмкін емес. Бірнеше уақыттан соң, науқас үздіксіз жөтеліп, сұйықтық немесе қан құсуы мүмкін, кейінірек кеуде тұсы ауырып, салмағы азайып, өзін жайсыз сезінеді, қызуы көтеріледі. Мұндай жағдайда міндетті түрде емханаға барып тексерілу керек.

 

Кімдер туберкулезге шалдығады?

 

Ең алдымен иммунитеті әлсіз адам туберкулез ауруына шалдығуға бейім болады. Егер адам шамадан тыс шаршаса, жүйелі дұрыс тамақтанбаса, стресске шалдықса, иммундық жүйе бұзылып, түрлі аурулар туындаса иммунитет әлсірейді.

 

АИВ (ВИЧ) және ЖИТСпен (СПИД) ауыратын науқастар жиі туберкулез жұқтырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, туберкулез ВИЧ-ке шалдыққан науқастар көбіне туберкулезден қайтыс болады. Өкінішке қарай, 2016 жылы ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар арасында қайтыс болғандардың 40%-ы туберкулезбен байланысты болған. Сонымен қатар, көбіне туберкулезді балалар жұқтыруы мүмкін, өйткені олардың иммунитеті әлі толық қалыптасқан жоқ. Сондай-ақ, егде тартқан азаматтар да бұл ауруға душар болуы мүмкін.

 

Ақпаратты ұсынған Медициналық сақтандыру қоры

 

Суреттер автордыкі және Медициналық сақтандыру қорынан алынған

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему