Департамент басшысының кезекті жастармен кездесуі Мұнайлы ауданында жалғасын тапты
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 15:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Департамент басшысының кезекті жастармен кездесуі Мұнайлы ауданында жалғасын тапты

1 Марта 2019 (10:03) | 1265 | Автор: Нурганым Имашева

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова Мұнайлы ауданының бір топ жастарымен кездесті.

 

 

Кездесудің басты мақсаты жас мамандарға қолдау көрсету, оларды мемлекеттік қызметке тарту және мемлекеттік қызметке кіру шарттары мен тәртібін түсіндіру болып табылады.

 

Жиынға аудандық мемлекеттік мекемелердің азаматтық қызметшілері және жастар практикасымен қызмет етіп жүрген жас мамандар қатысты. Сонымен бірге жастармен кездесуге аудан әкімі Раxат Елтизаров та келіп, жастарға қазіргі заман ағымына ілесіп, болашаққа нық сеніммен айқын мақсат қою қажеттігін, өздерінің дара жолдарын қазірден салу керектігін айтты.

 

Департамент басшысы Нұргүл Жанназарова кездесу барысында жастарға өңіріміздегі мемлекеттік қызметшілердің факторлы-балдық шкала бойынша еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі, мемлекеттік қызметшілерге арналған тестілеудің кезеңдеріндегі жеке қасиеттерін бағалаудың жаңа шарттарын арнайы әзірленген парақшалар арқылы түсіндіріп, мемлекеттік қызмет саласына еніп жатқан жаңалықтармен бөлісті.

 

 

Атап айтқанда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жаңашылдықтарды атап өтті.

 

Сонымен қатар, Нұргүл Алмасқызы жастардың жеке пікірі мен ойын тыңдап, мемлекеттік қызметке орналасу барысында, әңгімелесу кезеңінде қызметкер немесе үміткер өзін қалай ұстау керек, қалай дайындалу қажет және тағы басқа осы секілді мәселелер төңірегінде өзіндік ақыл-кеңестерімен бөлісті. Одан соң жастарды адал болуға және алдымен ата-анаға, одан кейін елге қызмет етуге шақырды.

 

Ал электронды қызмет алу, өзіне өзі қызмет көрсету салаларындағы өзгерістерді Мұнайлы аудандық ХҚКО-ның өкілі Асқан Махмутұлы түсіндіріп, E-gov порталының тиімділігі мен TelegramBot қосымшасы арқылы көрсетілетін қызметтердің қазіргі таңдағы қолжетімділігін айтып өтті.

 

Кездесу соңында мемлекеттік қызметке түсу тәртібі түсіндірілетін және пара алмауға үндейтін парақшалар таратылды. Сонымен бірге, жастар көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, ұйымдастырушыларға ашық әңгіме мен кездесу үшін алғыстарын жеткізді.

 

 

Ерекше өткен әсерлі жиында белсенділік танытып, өздерінің ұсыныс, сұрақтарымен, ой-пікірлерімен көзге түскен жалынды жастар да аз болмады. Олардың ішінде Жастар ресурстық орталығының маманы Асем Амангелдіқызы, Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің статистигі Ордаған Нұрсұлтан, білім үйлестіру орталығының маман көмекшілері Қалампыр Төлегенова, Әсел Қалаева Жастар ресурстық орталығының маманы Айгерім Қалдыбай және тағы басқалары кездесуге деген қызуғышылықтарының артқанын сездіре отырып, Нұргүл Алмасқызына әр түрлі сұрақтар қойды.

 

Бұл жөнінде біздің редакцияға Департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему