Өрт- тілсіз жау
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 06:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өрт- тілсіз жау

2 Февраля 2019 (12:13) | 28172 | Автор: Нурганым Имашева

Өрт- тілсіз жау. Өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиянын тигізетін алапат апат.

 

 

Өрттің шығу себептері: электр жабдықтарының ақаулығынан, балалардың ашық отпен ойнауынан, адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелеріне салғырт қарауынан, мас күйінде темекі шегіп ұйықтап қалуынан, тұрмыста болсын, қызметте не сауда орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтамауынан туындайды.

 

Қарақия аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ықпалымен Құрық ауылында орналасқан «Құлыншақ» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын балабақшасының бүлдіршіндеріне «Өрт-тілсіз жау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

 

Ашық сабақта балалар жұмбақтар шешіп, ойындар ойнап , тұрмыстағы қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ тұрмыс жағдайындағы өртті болдырмау жөнінде көріністер қойды.

 

Балаларға сіріңке жағуға, үтікті қосып кетуге, газды қосып плита үстіне дайындаған тамақты қалдырып кетуге, ақауы бар электр құрылғыларын пайдалануға болмайтындығы көрініс ретінде көрсетілді.

 

Бүлдіршіндер өздері кіп-кішкентай болса да, ересектер тарапынан ұйымдастырылған ашық сабаққа белсенді қатысып, өз әрекеттерімен үлкендерді таң қалдырды.

 

Қарақия ауданының ТЖБ инженері

азаматтық қорғау лейтенанты Г.Кошатов

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему