Ұстаздың ұлы ісі
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 11:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұстаздың ұлы ісі

8 Декабря 2018 (11:58) | 3137 | Автор: Нурганым Имашева

Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына эстетикалық бағыт беріп халық игілігі үшін, бала болашағы үшін кең байтақ қазақ жеріміздің өсіп өркендеуіне зор үлес қосып талмай, шаршамай еңбек етіп келе жатқан педагогтар өте көп бірақ, КММ «Оқушы» орталығы «Ән салу» үйірмесінің қосымша білім педагогы Нұрлыбаева Ұлболсын Хамзақызының еңбегі ерекше деп айтсақ артық айтпағандығымыз.

 

 

Білім беру мен мәдениет саласында 25 жыл еңбек еткен Нұрлыбаева Ұлболсынның өзгелерге  үлгі болған әдістемелік, семинарлық, нұсқаулық жұмыстары,  үлгілік бағдарламасы, авторлық ән жинағы, оқушылары мен ұстаздың біріккен үнтаспа шығарылымы, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық дәрежедегі жүлделері әрине мақтауға тұрарлық дүниелер. Ұлболсын апайымызды неге мақтамасқа, неге мадақтамасқа!?

 

Жуырда Астана қаласында өткен  «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» қоғамдық қоры ұйымдастырған ІІІ Ұлттық премиясы І Халықаралық «Көшбасшы-педагог - 2018» конкурсының 500 үміткері арасынан оқ бойы озып шығып, 1 дәрежелі лидер титулының Сертификаты мен Дипломын жеңіп алып, жылдың «Көшбасшы-педагогы» ұлттық премиясына ие болды.

 

 Сонымен қатар І Халықаралық «Лучший учитель музыки-2018» конкурсына қатысып, 2 орынды қанжығасына байлап жүлдегер атанып жылдың «Лучший учитель музыки» атағын иемденіп, Дипломмен марапатталды.

 

 

 ІІ Республикалық ұстаздарға арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясынан «ХХІ ғасырдағы оқытудың тиімді дағдыларын қалыптастыру: мұғалімдердің инновациялық білім беру технологияларының тәжірибесімен алмасу» тақырыбына вокал мамандығы бойынша баяндама жасақтап, ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталып, Сертификатын иемденді.

 

 Республикалық ұстаздар сайтынан «Білім саласының дамуына қомақты үлес қосқан белсенділігі үшін» Құрмет грамотасы, Алғыс хат, Сертификат және «Жеті өнер» шығармашылық орталығының жетекшілігімен өткен республикалық мәдениет және білім саласына белсене араласып, «Қазақстан үміті» байқауына шәкірттерінің үздік өнер көрсеткені үшін Мадақтама марапаттарына ие болды.

 

 Нұрлыбаева Ұлболсын апаймыз оқушыларға ән салу өнерін үйретіп қана шектелмей өзінің әншілік жолымен авторлық шығармаларын орындап та көпшілік көңілінен орын тапқан талантты әнші екенінің дәлелі үстіміздегі жылдың қараша айында Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Жұлдыз» продюсерлік шығармашылық орталығы ұйымдастырған республикалық шығармашыл музыка жетекшілеріне арналған байқауына сөзі мен әуенін Ұлболсын өзі жазған авторлық «Алтын арай» әнін ұсынып үздік орындаушысы болып танылған «Шығармашыл ұстаз» номинациясының Бас жүлдегері атанды.

 

- Әрине, мен білім саласында педагог болғаныммен окушыларымды сахнаға, мәдениетке, ән салу жолының қыр-сырын үйренуге баулимын. Бұл қызметім негізі мәдениетке қарайды ал, білім беру қызметім білім саласына қарайтыны рас.

 

 

 Бірақ, қай саланы қамтысақ та бізге яғни, қосымша білім педагогтеріне қолдап оларға арналған қала болсын, облыс болсын  ұйымдастырылатын шара немесе марапат көп емес білім ордасы арқылы нәтижеге қол жеткізу өте қиын іс ал, мәдениет орталығында біздің орнымыз да жоқ сондықтан әр педагог өз мәртебесін өзі көтеруіне тура келеді.

 

Халықаралық конкурстарға қатысып жоғарғы нәтижеге жеткеніме өте қуаныштымын ұстаз мәртебесін көтеруде ерен еңбек етіп келе жатқан   «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» қоғамдық қоры ұжымына шексіз ризамын.

 

Республикалық «Жұлдыз» продюсерлік орталығына, «Жеті өнер» шығармашылық орталығына үлкен алғысымды білдіремін. Пед Академияның педагогтың еңбегін жоғары бағалап, дем беріп демегені мен үшін күтпеген жаңалық керемет тосын сый болды,-деп Ұлболсын апай қуанышымен бөлісті. 

 

Өңірімізде жас ұрпақ жетістігі үшін бар еңбегін сарп етіп жүрген ұлағатты ұстаз Ұлболсын апайымызға әрқашан жеңістің шыңынан көрінуді тілейміз!

 

Оқушылардың бойында адамгершілікті оятып, қазақ елінің мәдениетін, рухани құндылықтарын санасына сіңірудегі«Ән салу» үйірмесінің жетекшісі қосымша білім педагогы Ұлболсын апайымызды мақтанышпен құрмет тұтамыз. Балаларымыздың ұстазына ата-аналар атынан үлкен алғысымызды жеткіземіз.

 

Ақтау қаласындағы  «Ән салу» үйірмесі тәрбиеленушілерінің ата-аналары

 

Суреттерді түсірген ата-аналар

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему