Маңғыстауда ″Алғыс айту күні″ қарсаңында ″Жомарт жүрек″ қайырымдылық акциясы бастау алды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 15:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда ″Алғыс айту күні″ қарсаңында ″Жомарт жүрек″ қайырымдылық акциясы бастау алды

1 Марта 2018 (12:16) | 4414 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен, «Қоғамдық келісім» МКМ-нің ұйымдастыруымен аймақ басшысы Ералы Тоғжановтың бастамасымен өңірде жүзеге асырылуы көзделген «Жомарт  жүрек» аталған қайырымдылық шарасы облыстық қариялар үйінде өтті.

 

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2016 жылы 14 қаңтар күні «Алғыс айту» күнін 1 наурызға белгілеп  №173 Жарлыққа қол қойған болатын. Сол күннен бастап бұл күн салтанатты жағдайда тойланып келеді. Алғаш рет Қазақстанда тұратын 130-дан аса ұлттар мен ұлыстар қиын күндерде өздеріне пана болған қазақ халқына шексіз ризашылығын білдіріп, ақжарма алғыстарын арнады. Адамдардың бір-біріне алғыс айтуы, құрмет көрсетуі – бұл Елбасы бастаған Рухани жаңғырудың бастамасы деуге болады.

 

 

Жиынға арнайы келген Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов:

-Алғыс күнін Елбасы 1 наурызға белгіледі. Жай белгілеген жоқ, Көптеген мемлекеттерде, елдерде бір-біріне деген көңілін, ниетін, сезімін бір-біріне айта алатын халық болуы тиіс. Біз – сондай халықпыз.

 

Қаншама қиын кезеңдерді бірге өткізген, қаншама үлкен жеңістердің басы-қасында бірге болған, Соның бәрінеЕлбасының сындарлы, салиқалы саясатының арқасында жеттік. Тәуелсіз Қазақстанның қазығы қағылды,  шекарасы бекіді.

 

Бүкіл дүние жүзінің мемлекеттері мойындады,Біріккен Ұлттар Ұйымында Қазақстан Елбасының төрағалығымен үлкен кеңестер өткізіп жатыр. Қай уақытта ондай жеңістерге біз жеттік? Соның бәрі Елбасының сындарлы, салмақты саясатының арқасында.

 

Сондықтан Тәуелсіз Қазақстан үшін, Тәуелсіз Қазақстанның қазығын, негізін қаққаны үшін, бүкіл еліміздің бірлігін қалыптастырғаны үшін, бүкіл дүние жүзіне үлгі болғаны үшін, еліміздің әл-ауқаты өсіп, халқымыздың жаңарып, үлкен деңгейге жеткені үшін, Елбасына рахметімізді айтамыз.

 

Халықтың қолдауынсыз мүмкін емес еді, сондықтан сіздер қолдадыңыздар, еңбек  жасадыңыздар, сол еңбектеріңіз қаншама халқымыздың еңбігінің арқасында жүзеге асты. Содан бері басы-қасында болып қойған жоқсыздар тікелей араласып, еңбек жасадыңыздар.

 

Халқын ұмытпаған ел -бақытты ел. Халқын ұмытпаған ел - болашағы бар ел. Ондай мемлекеттің Тәуелсіздігі де мығым болады, халқы да бір болады. Сондықтан сіздерге алғысымды айтамын, -деді.

 

 

Осыдан кейін Ералы Лұқпанұлы қариялар үйінің директорына ақсақалдардың күнделікті тұрмысына қажетті бұйымдарды сыйға тартты.

 

Шара соңы М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының өнерпаздары дайындаған мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Жиын соңында Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының жастары автошеру ұйымдастырды.

 

 

Суретті түсірген Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының «Ақпарат және БАҚ-пен байланыс бөлімі» 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему