Жас өрендер өнегелі жас Кенжебек Сержанмен кездесті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 03:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жас өрендер өнегелі жас Кенжебек Сержанмен кездесті

2 Февраля 2018 (22:29) | 2398 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін «Жастар үйінде» «Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының» «Жастар жобалары мен шығармашылығы бөлімінің» ұйымдастыруымен жас ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Еуразия Ұлттық Университетінің «Журналистика және саясаттану факультетінің» ІІІ курс студенті, Астана қаласының жастар мәслихатының депутаты Сержан Кенжебек Сержанұлымен кездесу өтті.

 

 

Кездесуге Ақтау қаласының №6 орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары және жастар Орталығының «Еріктілер корпусының» еріктілері, жастар қатысты. Жиын басында жастарға Кенжебек Сержан туралы бейнеролик көрсетілді.

 

Бала кезінен үлкендердің өнегелі сөздері мен тәлімді әңгімесіне құмар болып өсіп, қағылездік танытқан Кенжебек өзі туып өскен Маңғыстау өңірінің тарихын зерттеуге ден қойды. Журналистік мамандықты таңдауға себепші болған осы қызығушылығы оны одан бетер құлшындырып, бойындағы ақындық өнері де өрлей түсіп, шығармашылық қабілеті шыңдала түсуде. Яғни, жас та болса, жалынды жігерімен, өршіл рухымен өзінің замандастары-жастарға үлгі боларлықтай қасиеттерімен танылып жүрген, жас буынға айтары бар Кенжебекпен кездесуді ұйымдастырудың өзіндік мақсаты, мағынасы бар екені анық.

 

Басқосуға келген жас өрендерге өрелі әңгіме өрбітіп, жас буынның бойында ұлттық рухты қалыптастыру, бабалар аманатына берік болу, елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерді бәрінен жоғары қою, жастардың білімді болып, еліне пайдалы іс атқарып, қоғамның дамуына өз үлесін қосуы туралы келелі сөз қозғаған Кенжебек Сержанұлын жастар ұйып тыңдады.

 

Өлең жазудың бағыты, қандай кітаптар оқу керек, жастар кімді үлгі тұтуы тиіс деген сауалдар төңірегінде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойған жастар кездесудің біраз уақытқа созылғанын да елеген жоқ. Жас ақынның өнегелі сөздерін ерекше қызығып тыңдаған жастар кездесу соңында өз ойларымен бөлісті.

 

6 орта мектептің оқушысы Зәмзәм Жеңіс:

-Кенжебек ағаның арқасында біз білмеген қазақтың тарихы мен мәдениетіне қатысты көптеген пайдалы мәліметтерге қанықтық, ең бастысы, қазақтың атын таптатпай, биік ұстап жүру керек деген сөздері бізге қатты ұнады. Елімізде біз сияқты өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі боларлық осындай ағаларымыздың бар болғанына мақтанамын, - деді.

 

 

«Еріктілер корпусының» белді мүшесі Теміралиев Асылжан:

-Бүгінгі күні Кенжебек Сержанұлымен керемет кездесу кеші өтті. Кенжебек замандасымыздан біз өте жақсы ақыл-кеңестер, жастардың, қазақ жастарының, рухын көтеретін жақсы сөздерін естіп, риза болдық. Жастар үшін мұндай замандастарымыз мақтаныш болып табылады. Өте жақсы әсерде болдық басқосу барысында. Кенжебекке көп көп рахмет айтамыз, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз.

 

Кенжебекті біз мақтамаймыз, Кенжебекпен біз мақтанамыз!-деген ой-пікірімен бөлісті.

 

Бүгінгі өткен басқосудан алған өз әсері туралы Кенжебек Сержан:

-Бүгін «Жастар үйінде» үлкен бір өрелі, жақсы бір сұхбат-кездесу кеші болды деп есептеймін. Біз осындай кездесулерімізде және бұдан да бұрын өткен басқосуларда жас ұрпаққа, өскелең ұрпаққа, жалпы жастарға жақсы өнегелі сөз арнап, бабалардың аманатын, жыраулардың дәстүрінен, жалпы өлке тарихы, әдебиеті туралы тәлімді әңгіме қозғап, жақсы бір орнықты, өрелі сұхбат жасадық деп ойлаймын.

 

Мектеп оқушылары мен орта буын білім алып жатқан студенттер қауымымен жүздесіп, жақсы, мағыналы кездесу болды деп пайымдаймын.

 

Кездесуде басым бағытты, жалпы өз басым, қазақтың руханияты тақырыбында, қазақ әдебиеті, қазақтың мәдениеті, жалпы қазақ тарихында әртүрлі кезеңдерде орын алған жағдайларды, тарихта орын алған үлкен оқиғалар, сол кездегі оқиғалар ішіндегі мағынасы терең, қызықты жайттар, фактілер туралы жастарға баяндап айтқанымда көбі ұйып тыңдап, кейбірі көздеріне жас ала, жүректері тебірене тыңдады деп ойлаймын. Жастарға бұл басқосу жақсы әсер етті деген ойдамын.

 

 

Осындай кездесулер көбіне әр жерлерде өтіп жатады, бірақ бүгінгі «Жастар үйінде» өткен кездесу кеші менің жастармен бұрынғы жүздесулеріме қарағанда ерекше кездесу деп айта аламын.

 

“Бұл ән бұрыңғы әннен өзгерек”-деп Шәкәрім атамыз айтқандай, бұл жолғы басқосу бұрыңғы кездесулерге қарағанда өзгерек, бәрі жақсы болды.

 

Кездесуді өткізуге септігін тигізген Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының басшылығына, осы жердегі қызметкерлерге, жалпы Маңғыстаудың белсенді жастарына, Маңғыстау жастары атын алып жүрген қазіргі жастарға ерекше алғысымды айтамын.

 

Ата-бабаларымыз айтып кеткен бір әдемі, ұлағатты сөзі бар, ол үш тілекті білдіреді. Яғни, бабаларымыз: рухын өлмесін, намысың тапталмасын, жігерің жасық болмасын деген екен. Мен сол әдемі сөзді өзіме тікелей айтылған өсиеттей пайдаланып келем, қазір де соны айтқым келеді.

 

Алла Тағала, әманда, рухымыздың өлмеуіне, намысымыздың тапталмауына, жігеріміздің жасық болмауына септігін тигізсе екен деген тілегім бар. Бәрімізге: адал жолымызды - даңғыл жолға, даңғыл жолымызды - өнегелі жолға айналдырсын деп үлкен тілек айтамын. Рахмет!!!-деді.

 

Кездесу соңында Кенжебек Сержан өзінің үш жыл тынбай зерттеумен айналысып, жақында жарыққа шығарған Маңғыстаудың Қалнияз жырауының шығармашылығына арналған кітабын «Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығына» тарту етті.

 

Суреттерді түсірген Бегей Камидуллаев

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему