Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ЕСКЕРТЕДІ!
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 22:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ЕСКЕРТЕДІ!

20 Августа 2017 (22:25) | 3446 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау майоры Д.Мадалиеваның мәлімдеуінше, «Жыл басынан бері қала аумағында балалардың көп қабатты үйлердің терезесінен құлауы бойынша 2 жағдай тіркелді. Сәбилердің бірі дене жарақатын алып, екіншісі ауыр жарақат алу салдарынан қаза болды».

-Мұндай оқиғалар жаз мезгілі басталысымен жиілеп отырады. Терезеден құлау фактілерінің барлық жағдайларында балалар өз бетімен терезе алдына шығып, шіркейден сақтайтын торға сүйену салдарынан жерге құлап жатады. Бұл ретте терезеден құлау фактілерінің басым бөлігі ата-ананың баланы қараусыз қалдыруы, терезені ашық қалдыратын жақындар мен туыстардың алаңғасарлығы, терезелерде бекітулердің болмауы, терезе әсерін беретін шіркейден сақтау торларының болуынан. Балалар әр нәрсені білуге құмарлығына байланысты ашық тұрған терезеге көп қызығушылық танытады.

Осыған байланысты, қала тұрғындарына және ата-аналарға ЕСКЕРТЕМІЗ, балаларыңыздың өміріне үлкен жауапкершілікпен қараңыздар! – дейді азаматтық қорғау майоры Д.Мадалиева.

БАЛАҢЫЗДЫҢ ӨМІРІН АРАШАЛАП ҚАЛАТЫН бірнеше ережені есте сақтаңыз!

 

- Егер үйде кішкентай бала болса, тезені ашық қалдырмаңыз, себебі қайғылы жағдайға алып келуге қас қағым сәт жеткілікті.

- Шіркейден қорғаушы торды сәйкес арнайы терезе қорғауынсыз қолданбаңыз, себебі балалар торды берік тірек деп ойлап оған сүйенеді, салдарынан тормен бірге сыртқа құлауы мүмкін.

- Баланы қараусыз қалдырмаңыз (әсіресе терезе маңында немесе шыны есіктің маңында ойнап жүрген).

- Бала жиһаз көмегімен терезе алдына шығып төмен құлап кетпеу үшін, терезе маңына үй жиһазын қоймаңыз.

- Терезе маңында орналасқан төсектен немесе басқа үй жиһазынан баланың секіруіне рұқсат бермеңіз.

- Балаға қауіпсіздік сабағын үйретіңіз. Жасы үлкен балаңызға кіші балаға қарауды үйретіңіз .

- Бала өздігінен аша алмайтындай терезеге кілті бар бекітуді қойғаныңыз абзал.

Құрметті ата-ана, кішкентай баланы жалғыз қалдырмағаныңыз жөн, бала қарауыңызда болғаны тыныш және қауіпсіз. Ең болмағанда, баланы үйде жалғыз қалдырғаннан гөрі жақыныңыз немесе туысыңыздың қарауында қалдырғаныңыз абзал. Әрине, барлық қауіптен сақтана алмайсың, бірақ баланың қауіпсіздігі үшін қолымыздан келгенін істеу біздің міндетіміз, – делінген Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасынан келіп түскен хабарламада.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему