Туған жерді түлетуге асығайық!
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 14:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Туған жерді түлетуге асығайық!

17 Июня 2017 (10:08) | 2362 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс істейтін арнайы кеңсе құрылды. Кеңсе мүшелері жер-жерді аралап, жастардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, тың идеяларын қабылдауда. «Достық» үйінде өткен кездесуде туған жерді дамытуға байланысты бірқатар жоба ұсынылды. Жақын күндері Ақтаудағы жағажайларда «жылжымалы кітапхана» жұмысын бастайтын болды. Суға түсіп, демалып жүргендер кітап оқып, рухани жандүниесін байытуға мүмкіндік алады. Бағдарламаның үйлестірушісі Еділханов Алқажан ағаның айтуынша, туған жерін түлетуге ынтық азаматтар көп. Бір кәсіпкер ауылына спорт мектебін салып бергісі келсе, тағы бірі оқушыларды тарихи жерлерді аралатуға әзір.

 

АЛҚАЖАН ЕДІЛХАН, «ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ, ЗЕЙНЕТКЕР:

-«Туған жер» бағдарламасының үлкен міндеті – ол сол ауылда туған түлектердің бәрін сол ауылға жұмылдыру, өзіңнің тамырыңды ұмытып кетпе деп еске салу. Бұл өте дұрыс бағыт. Мұны халық қолдап отыр. Жастарымыз да, үлкендеріміз де. Мысалы үшін мен Оңды ауылында туып өстім. Енді мен үлкен кәсіпкер емеспін, қазір зейнеткермін. Мен ауылға не көмек көрсете аламын? Мен сол ауылдың қазақ тілінде жетілген картасын жасап беруге көмектескім келеді. Себебі менің өзімнің мамандығым да, өмір бойы жинаған құжаттарым да осы ауылдың көне заманнан бергі картадан да жинақтағаным бар, оның ішінде әскери карталар да бар, кезінде құпия болған. Соның бәрін жинақтап, қазіргі жастардың пайдасына асыру мақсатында енгізгім келеді. Сондай-ақ Оңды ауылы туралы энциклопедия шығарғым келеді. Бұл жобаны бастап та кеттім. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему