Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімдігі
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 06:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімдігі

17 Мая 2017 (10:37) | 1747 | Автор: Нурганым Имашева

 

Елбасының мемлекеттiк басқарушы оргаңдарының алдына қойған маңызды мiндеттерiнiң бiрi — мемлекеттiк қызмет көрсетудiң қолайлылығы мен сапасын арттыру, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтерiн мемлекеттiк қызметті тұтынушыларға бағдарлау болып табылады.

 

Мемлекеттiк қызмет көрсету жүйесiн жетiлдiру, осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеу, қызмет көрсетудiң ашықтығына, сапасына және жеделдiгiне қол жеткiзу сыбайлас жемқорлықтың азаюына, азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне деген сенімінің артуына жағдай жасайды.

 

Ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер ветеринария қызметiнiң барлық сатысында, яғни, аудандық коммуналдық ветеринариялық ұйымдардан бастап, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетiне дейiнгі деңгейде көрсетіледi. Бұл халықтың барлық тобына, сондай-ақ барлық меншiк нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сапалы әрi уақытылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге мүмкiндiк бередi.

 

«Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» ММ-нiң мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi құзыретi «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына, ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген «Ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары» және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 338 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес көрсетіледі.

 

Басқарма аталған нормативтiк - құқықтық актiлерге сәйкес төмендегі мемлекеттiк қызмет түрлерiн көрсетедi:

Қызмет көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге тiкелей немесе «электрондық үкiмет» порталында жүгiнуi арқылы тегiн көрсетiледi және мал шаруашылығы өнiмi өндiрiсi жағдайларының ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестiгiн бақылауға мүмкiндiк бередi. Бұл тұтынушыға ветеринариялық-санитариялық жағынан қауiптi өнiмнiң түсуiне жол бермеу үшiн қажет.

 

Жануардан алынатын шикiзат пен өнiмге ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу қызмет түрi мiндеттi түрде лицензиялануы тиiс, себебi, осы жұмыстың сапасы халықтың денсаулығына тiкелей ықпал етедi және заңнаманы мүлтiксiз сақтауды талап етедi. Қызмет электрондық форматта ақылы негiзде көрсетiледi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамада белгiленген мөлшерде лицензиялық алым төлейдi және лицензияны алғаннан кейiн iшкi сауда объектiлерiнде, мал сою және ет өңдеу кәсiпорындарында ветеринариялық сараптама жүргiзу құқығын алады.

 

Ветеринариялық қызметтердi бiлiктi мамандар көрсетуi тиiс. Осындай мақсатпен ветеринария басқармасы ветеринар мамандарды және ұйымдарды белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi бойынша аттестаттайды. «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес кәсiпкерлiк қызмет түрлерiне мыналар кiредi:

ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметi;

ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу;

дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргiзу;

ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру мен өткiзу;

жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау;

 

Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлерi кiредi.

 

Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi, оларды ұсыну мерзiмдерi мен шарттары, құжаттар тiзбесi мен мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негiздерi тиiстi стандарттар мен регламенттерде айқындалады. Сонымен қатар, стандарттарда мемлекеттiк қызметтi уақытылы және сапалы көрсетпеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң лауазымды адамдарының әрекеттерiне шағымдану тәртiбi айқындалады. Көрсетiлетiн қызметтер туралы барлық ақпаратты құқықтық ақпараттық жүйелерден, сондай-ақ, басқарманың интернет-ресурсынан алуға болады.

 

Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы 2016 жылдың 12 айында 53 мемлекеттiк қызмет көрсетті, соның ішінде: «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» қызметі бойынша – 49, «Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» қызметі бойынша – 4  өтініш қанағаттандырылды.

 

2017 жылдың I – тоқсанда «Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» қызметі бойынша - 3 мемлекеттiк қызмет көрсетілді. Көрсетiлетiн қызметтi алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

 

Ветеринария саласында мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауапты лауазымды адамдарға шағымдар болған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушылар «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» ММ-нiң интернет - ресурсы немесе 8 (7292) 60-54-52, 60-50-13 телефондары арқылы немесе Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 100 үй, Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы ғимаратының 1 қабаты мекен -жайы бойынша өтiнiш қалдыра алады.

 

«МО ветеринария басқармасы» ММ

ұйымдастыру, құқықтық және кадр қызметі бөлімінің басшысы

Шолпан Қонарбаева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему