Көші-қон мәселелері талқыланды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 00:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Көші-қон мәселелері талқыланды

16 Марта 2017 (12:56) | 2539 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда Ақтау қаласының №2 сотында «Шетел азаматтарын Қазақстан Республикасының аумағынан шығару және көші-қон саласындағы құқықбұзушылықтарға қатысты өзекті мәселелер» тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ақтау қаласы №2 сотының төрайымы Қанзиба Рыскалиева, соттың судьялары, Ақтау қалалық прокуратурасының өкілідері Б.Ходжаев, Н.Оразбаев, Маңғыстау облысы ІІД көші-қон полиция басқармасының орынбасары Ж.Н.Дадаев, көші-қон полициясының инспекторлары Е.Айдашов, Қ.О.Канбаев, Н.Е.Укасов қатысты.

Сот төрағасы Қ.Рыскалиева жиынды ашып, кіріспе сөзінде, Ақтау қаласының №2 сотында шетел азаматын ҚР аумағынын шығару туралы істерді қарау санаты бойынша біркелкі сот тәжірибесі қалыптасқанына тоқталды. Сонымен бірге шетел азаматтарын ҚР аумағынан шығару туралы арызды сотқа тапсыру кезінде Көші-қон полициясы тарапынан толыққанды құжаттар тапсырылмайтынына назар аударды.

Одан әрі аталған тақырыпта судья Қ.Бозшагулов баяндама жасап, дөңгелек үстелге қатысушыларға, шетел азаматтарын Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығару туралы өтініштерді сотқа тапсырған кезде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы» 2013 жылғы 13 желтоқсандағы №4 нормативтік қаулысының 13 тармағы бойынша шығарып жіберу туралы өтінішке аталаған заңнаманы бұзған тұлғалардың сол заңнаманы бұзу фактілерін жасағанын растайтын құжаттар қоса берілу керектігі, оған мемлекеттік органдарының  құқықтық актілері жататынын ескертті. (сот шешімдері, қаулылары, үкімдері).

Сонымен қатар баяндамашы, ҚР Жоғарғы Сотының тәжірибесіне сәйкес, шетел азаматының ҚР аумағынан шығару туралы азаматтық істерді қарау барысында олардың тек қана құқық бұзышылық жасағанын ғана назарға алмай, сондай-ақ олардың сол қалада жанұясының тұратындығы не тұрмайтындығы, банк алдында несиелік қарызының бар, жоқтығы, жұмыс жасайтындығы не жасамайтындығы, ата-анасының сол қалада тұратындығы не тұрмайтындығы туралы құжаттар арызға тіркелуі қажет екенін жиын қатысушыларына ескертті.

Бұдан бөлек, баяндамашы 1966 жылғы 16 желтоқсандағы «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» халықаралық пактіні және өзге де халықаралық келісімдерді Қазақстан Республикасы ратификациялағанын атап өтті.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде жүрген шетелдікті шығарып жіберу туралы арызды қарау формальды болмауы қажет, соттар ҚР Конституциясын және ратификацияланған халықаралық шарттардың ережелерін ескерулері керек.

Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырған кезде, тек қана заңмен белгіленген, басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді және мемлекеттік (ұлттық) қауіпсіздікті қорғауды, аумақтық тұтастықты, қоғамдық тәртіпті, қылмыстардың алдын алуды, имандылықты және халықтың денсаулығын қорғауды тиісті түрде қамтамасыз ететін шектеулер қолданылуы мүмкін.

Шараның қатысушылары шетелдiктi Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жіберу туралы мәселені шешу кезінде заңнаманы біркелкі қолдануды қалыптастыру және халықтың көшіп-қонуы шеңберіндегі заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты. «Дөңгелек үстел» отырысының қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.

            Бұл ақпаратты біздің басылымға Ақтау қаласы №2 сотының баспасөз қызметі ұсынды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему