Зорлау мен тонау қылмыстары үшін абақтыға қамалды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 17:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Зорлау мен тонау қылмыстары үшін абақтыға қамалды

6 Февраля 2017 (17:25) | 1490 | Автор: Нурганым Имашева

 

Былтыр Ақтауда ауыр қылмыстар саны артқаны жайлы жақында прокурорлар мәлімдеді. Аталған қылмыстар ішінде зорлау фактілерінің көбейе түскені белгілі болды. Бүгінгі мақалаға арқау болғалы отырған осы қылмыстың бірі, оны жасаушыға сотпен кесілген үкім туралы кеңінен баяндайық.

ДӘЛЕЛДЕНГЕН ҚЫЛМЫС

            А. Ж. С., 21.05.1973 жылы Өзбекстанда туылған, ұлты қазақ, Өзбекстан азаматы,  білімі орта, ажырасқан, жұмыста жоқ, тұрақты тұрғылықты мекен-жайы жоқ, бұрын сотталмаған. ҚР ҚК-нің 120 бабының 2-бөлігінің 1,2)-тармақтарымен, 191- бабының  2-бөлігінің 1,3)- тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қатысты қылмыстық іс Ақтау қалалық сотында судья Аида Бұлақбаеваның төрағалық етуімен қаралған.

            Қылмыстық істің материалдарынан белгілі болғанындай, сотталушы А.С. 17.08.2016 ж. Ақтау қаласы 8 шағын аудан 14 үйдің бір пәтерінде бола тұра өзімен бірге болған алдын - ала тергеу барысында жеке басын қасақана жасырып отырған Баха есімді белгісіз тұлғамен қылмыстық сөз байласып, адамдар тобы болып, жәбірленуші А.С.- мен бірге аталған мекен жай ішінде өздерімен бірге алып келген спирттік ішімдігін ішіп, сотталушы А.С. және тергеу барысында анықталмаған «Баха» есімді тұлғамен  алькоголдік ішімдігін ішкен масаң күйде, қасақана, нәпсіқұмарлық ниетпен, жәбірленушіге күш қолдану мақсатында, жұдырықпен жәбірленушіні ұрып, алдын-ала зорлауға бағытталған іс-әрекетін жүзеге асыруға мүмкіндігі бар екенін пайдалана отырып, А.С. -.ға зорлық ниетінде жабысып, бірнеше рет ұрып-соғып, оның қарсыласқанына қарамастан, өлтіру қатерін төндірумен ұласып, жәбірленуші әйелді өлтіретінін айтып қорқытып, еркінен тыс зорлаған.

            Нәтижесінде А.С. өзінің қылмыстық іс-әрекеттерімен жәбірленуші А.С.-ға дене жарақаттарын салып, жыныстық еркіндігі мен жыныстық дербестігіне қол сұққан. Одан әрі, А.С. өзінің қылмыстық іс әрекетін жалғастыра отырып жәбірленуші А.С.-ны зорлаумен қатар, өзінің қасақана, бөтеннің мүлкін ашық тонауға бағытталған қылмыстық іс-әрекетін жалғастырып, соңына дейін жеткізу үшін, А.С.-ны соққыға жығып, дене жарақатын салып, соңғының жеке заттарын, яғни жәбірленуші А.С.-ның тағып жүрген бағасы 18 000 теңге тұратын қызыл түсті тасы бар алтын сақинасын, бағасы 27 000 теңге тұратын тастары бар алтын сақинасын, бағасы 25 000 теңге тұратын алтын неке сақинасын, бағасы 6000 теңге тұратын алтын сақиналарын ашық түрде қолдарынан тартып алып, артынша сол бөлме ішінен бағасы 6000 тенге тұратын жол сөмкесін және біраз жеке заттарын тонап, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен. 

 Сөйтіп, қылмыскер А.С. өзінің бөтеннің мүлкін ашық тонау қылмыстық іс-әрекеттерімен жәбірленуші А.С.-ға дене жарақатын келтіріп,  жалпы бағасы 107 600 теңге материалдық шығын келтірген.

Сотталушы А.С басты сот мәжілісінде өзіне тағылған кінәсін толықтай мойындамай, жәбірленушіні 2012 жылдан бері танитындығын, 17 тамыз 2016 жылы Аслан есімді құрдас досымен Ақтау қаласы 8-14 мекен жайына бірге баруын сұрағандығын, сол мекен жайда үш танысының  болғандығын, үйінде барлығы алкогольдік ішімдігін ішіп отырғандығын, өзі А-мен ешқандай зорлықсыз, еркін түрде жақындасқанын, жәбірленушіге ешқандай дене жарақатын салмағанын, оны зорлау ойының болмағанын, жәбірленушінің мүлкін тонамағандығын көрсетіп, соттан өзіне қатысты жеңіл жазаның тағайындауды сұрап айғақ берген. 

        Жәбірленуші А.С. басты сот мәжілісінде, өзі Ресей Федерациясының азаматшасы екендігін,Қазақстан Республикасына 22 маусым 2016 жылы келгендігін, 17 тамыз 2016 жылы 8 шағын ауданы 14 үйдегі пәтерге Баха есімді жігітпен оған бұрын таныс емес 4 жігіттің келгендігін, солардың біреуі сотталушы А.С болғандығын, сол кезде сотталушы өзін «Тайсон» деп таныстырғандығын, барлығы пәтерге кіріп, тамақ пен алкогольдік ішімдіктерін ішкендерін, сағат 14.00 шамаларында Р. есімді досы ұйықтап қалғандығын, осы кезде «Баха» және А.С. оны жатын бөлмеге кіргізіп, сотталушы А.С. қол жұдырықпен бастан ұрып-соққандығын, қолына кішкентай пышақ алып, «қашатын болсаң және айқай шуды шығаратын болсаң» өлтіремін деп қорқытып, зорлағанын, А.С.-дан соң оны «Баха» да зорлағанын, одан кейін А.С. бетінен ұрып, қолындағы болған 4 алтын сақинасын тартып алғандығын, осы уақытта Баха бөлмеде тұрған шкафтарды тексергендерін, шкафтағы тұрған киімдерді лақтырып, өздеріне керекті заттарды тонағандарын, сөмкесіне салып, пәтерден шығып кеткендерін, бөлмеде болған ер адамдар оның айқайлағандарына және көмекке шақырғандарына келмегендерін, жігіттер кетіп қалғанннан кейін, оның досы Р. ұйқыдан тұрған соң оған өзін «Баха» және «Тайсон» ұрып соғып, өлтіремін деп қорқытып зорлағандарын, қолындағы алтын 4 сақина және жеке заттарын тонап алғандарын айтқандығын, Р. оған тез арада полиция қызметкерлерін шақыртуға кеңес бергендігін көрсетіп, соттан сотталушыға заң бойынша жаза тағайындауын, келтірілген материалдық залалдың сомасынан өндіріп беруін сұрап, айғақ берген.

         Куә Н.Р. басты сот мәжілісінде жәбірленушінің соққыға жығылып, зорланғанын растап, куәлік жасаған.

             -Сотталушы кінәсін мойындамаса да оның кінәсі, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жинақталып, басты сот мәжілісінде жан-жақты толық зерттелген дәлелдемелермен дәлелденді.

Басты сот талқылауында зерттелген дәлелдемелерге баға бергенде, сот А.С-тың әрекеттерін ҚР ҚК-нің 120-бабының 2-бөлігінің 1,2-тармақтарымен, зорлау, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы өлтіру қатерін төндірумен ұштасқан қылмыс және 191-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармағымен- тонау, яғни бөтеннің мүлкін жәбірленушінің өмірімен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану мен алдын ала адамдар тобымен сөз байласу арқылы жасалған қылмыс - дұрыс дәрежеленген деп тапты,- дейді сотта қылмыстық істі қарағанАқтау қалалық сотының судьясы Аида Бұлақбаева.

Аида Сағатбекқызының мәлімдеуінше, «Сотталушы А.С.- тың басты сот талқылауында берген жауаптарына сот сын көзбен қарап, аталған жауабын беру себептері өзін қылмыстық жауаптылықпен жазадан жалтару мақсатында жасаған іс-әрекетері деп тапты.

Себебі сотталушының кінәсі жәбірленуші А.С.-ның, куә Р.Н-тың жауаптарымен, сот-медициналық, сот-биологиялық сараптама қорытындысымен толығымен дәлелденген.

            Сот-медициналық, сот-биологиялық сараптамасының қорытындысын, жәбірленуші А.С-ның, куә Р.Н-тың сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде және басты сот талқылауында берген жауаптары тұрақты, біркелкі, жүйелі түрде берілгендіктен, олардың жауаптарында көрсетілген мән-жайлар, басқа да жинақталған дәлелдемелермен сәйкес келетіндіктен, сотталушы жөніндегі айыптау үкіміне негіз болады деп санауға жатады.

            Сонымен, сот, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жинақталып, басты сот талқылауында зерттелген дәлелдемелерге баға бере келе және де жинақталған дәлелдемелерге талдау жасап, сотталушы А.С.-тың зорлау адамдамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы, өлтіру қатерін төндірумен ұштасуы, сондай-ақ тонау яғни бөтеннің мүлкін жәбірленушінің өмірімен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану мен алдын ала адамдар тобымен сөз байласу арқылы жасалған қылмыстық іс әрекеттері толықтай өз дәлелін тапты деген қорытындыға келді».

            ҚР Қылмыстық Кодексінің 54 бабына сәйкес, сотталушының қылмыстық жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар ретінде сот қылмыстық әрекеттерін алкогольдік масаң күйде жасауын таныды.

Алайда сотталушы А.С-тың жасаған қылмыстық әрекеті ҚР-сы ҚК-нің 11 бабының4 бөлігіне сәйкес ауыр қылмыстар санатына жатады және аталған баптың санкциясында бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, сонымен бірге іс бойынша ҚР-сы ҚК-нің 55 және 63 баптарын қолданатын негіздер жоқтығын ескере келе, оның түзелуі тек қоғамнан оқшаулаған жағдайда мүмкін деген қорытындыға келіп, ол айыпталып отырған баптар санкциясы шегінде бас бостандығынан айыружазасын қолдану қажет деп  тапты.

СОТ ҮКІМІ

Жоғарыдағылардың негізінде және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-Процестік Кодексінің 387-390, 392, 393, 395-398, 401-402, 404  баптарын басшылыққа алып, сот

                                               Ү К І М          Е Т Т І :

А.Ж.С. ҚР Кылмыстық Кодексінің 120- бабының 2-бөлігінің 1,2)-тармағымен,  191- бабының 2-бөлігінің 1,3 -тармақтарымен  кінәлі деп танылсын, оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 120-бабының 2-бөлігінің 1,2) тармағы бойынша 6 /алты// жыл бас бостандығынан айыру жазасы, 191-бабының 2-бөлігінің 1,3 – тармағы бойынша 4 /жыл/ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы оның жеке меншігі болып табылатын барлық мүлкін тәркіленсін, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге деп белгіленсін.

            ҚР Қылмыстық Кодексінің 58-бабының 3-бөлігіне сай, тағайындалған жазаларды қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті өтеуіне 6 /алты/ жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын, жеке мүлкі тәркіленсін, жазасын түзеу колониясының жалпы  режимінде өтеуге деп белгіленсін.

            Жаза өтеу мерзімі үкім жарияланған күннен, яғни 27 қазан 2016 жылдан бастап есептелсін, ҚР Кылмыстық Кодексінің 62 бабы 3 бөлігіне сай қамауда болған 18 тамыз 2016 жылдан 26 қазан 2016 жылға дейінгі мерзімі, жаза өтеу мерзіміне қоса есептелсін.

            Жәбірленуші А.С-ның азаматтық талап арызы толық қанағаттандырылсын.

            А.Ж.С-тан жәбірленуші А.С-ның  пайдасына 107600 /жүз жеті мың алты жүз/ теңге және мемлекет пайдасына мемлекеттік баж 1 076/бір мың жетпіс алты/ теңге өндірілсін. Прокурордың іс жүргізу шығынын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылсын.

            Сотталған А.С.-тан мемлекет пайдасына жалпы сомасы 283 064 /екі жүз сексен үш мың алпыс төрт/ теңге 03 тиын өндірілсін.

Р.S.Сөйтіп, қос қылмысы әшкереленген сотталушы 6 жылды арқалап, жазасын өтеу үшін абақтыға аттанды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему