Шетпелік дзюдошылар - Кубок иесі
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 17:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шетпелік дзюдошылар - Кубок иесі

15 Ноября 2016 (18:52) | 1491 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

         Алдыңғы аптада сенбі күні Ақтау қаласында облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жүлдесіне арналған дзюдодан жасөспірімдер арасында аймақтық турнир өтті.

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыстың «Бетпе-бет» кездесуіне Маңғыстау, Қарақия аудандары мен Жаңаөзен қаласы, Қызылсай, Жыңғылды ауылы (2 команда) және облыстық «Жастар» БЖСМ-нан (2 команда) жасақталған барлығы 8 команда қатысып, бақтарын сынады.

 

         - «Бетпе-бет» кездесудің ережесіне сай әр командада 5 балуан күреседі. Жарысқа қатысып жатқан барлық балуандардың дайындығы жақсы. Бұған дейін «Жастар» БЖСМ-ның кубогіне арналған қалалық турнир өткізілген болатын, сол жарысымыз облыстық деңгейде жалғасын тауып отыр.

Жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат - жас дзюдошылардың шеберлігін шыңдау, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, татулықты нығайту, - дейді жарыстың бас төрешісі, самбо күресінен ҚР спорт шебері Ерлан Серіков.

 

          Тартысты өткен белдесулердің нәтижесінде командалық есепте бірінші орынды - Маңғыстау ауданының балуандары иеленіп, жарыс жеңімпазы атанып, Кубоктың иесі атанды.

 

Екінші орын - «Жастар» БЖСМ балуандарына бұйырса, үшінші орынға - жыңғылдылық балуандар тұрақтады.

 

         - Бүгін жарыс жеңімпазы атанып, туған ауылымызға жеңіс тарту еткенімізге өте қуаныштымыз. Қарсыластарымыз осал болған жоқ, барымызды салып күрестік.

         Әсіресе, «Жастар» спорт мектебінің командасымен өткен белдесу өте қиын болды, алайда намысты қолдан бермеуге тырыстық.

         Жарысқа бізді дайындаған бапкеріміз - Жаңғали Нұрдәулетов ағайға алғыс айтамыз. Жалпы өзім 9 жасымнан бастам дзюдомен айналысамын.

         Осы уақытқа дейін бірнеше облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып, жеңімпаз атандым, - дейді Маңғыстау ауданы командасының мүшесіКеңшілік Ізтұрған.         

 Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему