Ақтау қаласының бас прокуроры Талғат Әлібаев: «Қала прокуратурасымен қылмыстарды есептен жасыру дерегі бойынша 12 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде 2-уі сотқа жолданды»
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 13:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қала прокуратурасымен қылмыстарды есептен жасыру дерегі бойынша 12 қылмыстық іс қозғалып

18 Февраля 2015 (10:45) | 1967 | Автор: Нұрганым Имашева

 

 

Жуырда қалалық прокуратурада жергілікті БАҚ өкілдеріне арналып өткізілген баспасөз конференциясында Ақтау қаласының бас прокуроры Талғат Әлібаев қадағалау органының өткен жылғы жұмысының қорытындысына тоқталды.

 

Сотқа дейінгі қылмыстық процесcтің заңдылығын қадағалау бөлімінің қызметі туралы баяндаған ТалғатАйтбайұлы:

 -Қала прокуратурасымен қылмыстарды есептен жасыру дерегі бойынша 12 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде 2-уі сотқа жолданды (2013 жылы-10/3).

 

 Жалпы 34 қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде 17-і немесе 50%-ы сотқа жолданды (2013ж. 33/11).

Күнделікті тексеру нәтижелерімен қала прокуратурасы тарапынан Ақтау қаласы ІІБ-сы ғимаратының қызметтік кабинеттерінде заңсыз 3 сағаттан артық ұсталып отырған 20 азамат босатылды. Барлық заңсыз ұстау деректері бойынша прокуратура тарапынан прокурорлық шара қолданылып, қызметкерлер жауапкершілікке тартылды.

 

152 (2013ж.-21) заңсыз қылмыстық іс қозғау туралы қаулылары бұзылды.  

Криминогендік ахуал тіркелген қылмыстардың 8,3%-ға төмендеуімен сипатталады (2013ж.-3173, 2014ж.-2908), оның ішінде аса ауыр қылмыстар -47,5%-ға (40-тан 21-ге дейін), ауыр қылмыстар 42,2%-ға (431-ден 249-ға), адам өлтіру 58,3%-ға (24-тен 10-ға), қарақшылық 42,8%-ға (14-тен 9-ға), бөтен мүлікті ашық ұрлау 35,7%-ға (223-тен 122-ге), бөтен мүлікті жасырын ұрлау 4,5%-ға (1668-ден 1592-ге) төмендеген,-деп мәлімдеді.  

 

Қала прокуроры жедел-іздестіру қызметін қадағалау саласы бойынша: «Тексеріс қорытындыларымен анықталған заң бұзушылықтар деректері бойынша облыстық ІІД-нің және қалалық ІІБ-ның басшылары атына 19 ұсыныс жолданды.

 

Іздестіру ісінің ашылуына қадағалау тәртібімен зерделеу жүргізу барысында Ақтау қалалық ІІБ-ның қызметкерлеріне қатысты тәртіптік өндіріс қозғау туралы 9 қаулы облыстық прокуратурасы арқылы ІІД-не жолданды.

 

Жолданған ұсыныстар мен тәртіптік өндіріс қозғау туралы қаулылардың қаралу қорытындыларымен 35 ішкі істер органдарының қызметкерлері әр түрлі жауапкершілікке тартылды.

Көрсетілген мерзімде Ақтау қалалық ІІБ-на жедел-іздестіру шаралары заңсыздығына байланысты оны қысқарту туралы 12 қаулысы орындау үшін жолданды.

Мемлекеттік бюджеттен бөлінген шығындарын өндіру жөнінде 1 миллион теңгеден астам қаржыны өндіру туралы прокурордың 5 талап арыздары қанағаттандырылған»,-деді.

Қадағалау органы басшысының мәлімдеуінше: «Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау саласында 2014 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау қалалық сотымен 384 (550) тұлғаға қатысты 303 (478) қылмыстық іс қаралды, оның ішінде 193 (266) қылмыстық іс бойынша 251 (316) тұлғаға қатысты айыптау үкімі қабылданды. Бұл барлық қаралған қылмыстық істердің 63,6 % құрап отыр.

 

2014 жылдың қорытындысы бойынша, жазалау тәжірибесі 34,1%-дан 51,3%-ға жоғарылап отыр. Себебі, айыптау үкімі қабылданған 251 тұлға ішінде 129 тұлғаға нақты бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған (2013 жылы – 316 тұлға ішінде 108 тұлғаға қолданылған).

 

Қамаудан босатумен байланысты, сотталушылардың әрекеттерін ауыр дәрежедегі қылмыс санатынан жеңіл қылмыс санатына қайта дәрежелеу деректері 12 қылмыстық істен 5-ке не 13 тұлғадан 7-ге төмендеді.

 

2014 жылы Ақтау қалалық сотымен 10 тұлғаға қатысты 3 қылмыстық іс қосымша тергеуге жолданды. Оның ішінде 3 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс /ҚР ҚК-нің 103 бабы 3 бөлігімен, 119 бабымен айыпталғандар Мурадян, Нажибов, Яйлаға қатысты/ сотқа Маңғыстау аудандық прокуратурасымен жолданған. Бұл сот қаулысы қазіргі таңда заңды күшіне енді.

 

Одан басқа, 7 тұлғаға қатысты 2 қылмыстық іс бойынша (ҚР ҚК-нің 177 бабының 2,3 бөліктерімен айыпталғандар З.Уразгалиева, М.Нуртлеуова, О.Жубаназароваға және ҚР ҚК-нің 177 бабының 3,4 бөліктерімен айыпталғандар А.Ханыева, А.Хаирова, А.Абдрахманова, Н.Канатоваға қатысты) қала прокуратурасымен жеке наразылықтар енгізіліп, нәтижесінде барлығы облыстық сот қаулысымен қанағаттандырылды. Қазіргі таңда 3 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі қабылданды, ал 4 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс қаралу үстінде.

 

Апелляциялық сатыда жеке тәртіпте қала прокуратурасының 18 жеке наразылығы қаралды, нәтижесінде 9 жеке наразылық қанағаттандырылды, оның 3 – қосымша тергеуге жолдау туралы қаулы, 6 – соттың басқа қаулылары, 9 – қанағаттандырусыз қалдырылды».

 

-Ақтау қалалық сотымен тергеу сапасының төмендігіне байланысты шығарылған жеке қаулылар саны төмендеді.

2014 жылы – 13 қылмыстық іс бойынша 14, оның ішінде Бейнеу аудандық ІІБ қатысты – 1 (2013 жылы – 19 қылмыстық іс бойынша 19) жеке қаулылар қабылданды. Басқа ұйымдар мен мекемелерге қатысты 20 (17) жеке қаулылар қабылданған.

 

Атап өтер мәселе, 2014 жылдың қорытындысы бойынша, Ақтау қалалық сотымен айып сапасыз қолданылды деген негізбен жеке қаулылар қабылданбаған, керісінше мемлекеттік айыптаушылар қала прокурорының аға көмекшісі А.Кошевке және көмекшілері А.Сақауов пен А.Ахметоваға қатысты айыпты сапалы қолдағандары үшін, 5 қылмыстық іс бойынша 5 марапттау түріндегі жеке қаулылар қабылданды,-деп мәлімдеді Ақтау қаласының прокуроры Талғат Әлібаев.

 

 

Бас прокурордың айтуынша, «Прокурорлық ықпал ету актісі негізінде 239 млн.теңгені құрайтын 269 құжаты орындалды, оның ішінде мемлекеттің пайдасына 108 млн.теңгені құрайтын 82 құжат орындалған.

 

Сот орындаушылардың қызметіне 96 (68) тексеру жүргізіліп, нәтижесі бойынша 27 (27) наразылық, 66 (24) заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс, 28 (28) тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 13 (14) лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 5 (2) қылмыстық іс қозғалды.

 

ҚР ҚК-нің 362 бабымен борышкерлер Тлегенов және Тугаевқа қатысты қозғалған қылмыстық істер бойынша мемлекеттің пайдасына 4 млн.теңгеден жоғары қаражат өндірілді.

 

Мемлекет пайдасына өндіруге жататын сот актілерін орындау барысында прокурорлық ықпал ету актісі негізінде мемлекет пайдасына 26 909 000 теңгені құрайтын жер телімі өткізілді.

 

Жалақы бойынша: сот орындаушыларда 167 925 724 теңгені құрайтын 273 құжат болған, оның прокурорлық ықпал ету актісі негізінде 115 872 388 теңгені құрайтын 210 құжат орындалды.

 

Әкімшілік айыппұл бойынша 2014 жылы 44 704 491 (1 628 989 538) теңгені құрайтын 1426 (1513) құжат болған, оның 31 млн. (1 617 437 602) теңгеге 1147 (1296) құжат аяқталған. Жалпы әкімшілік айыппұлды өндіру 72,6 пайызды құрады».

 

Ақтау қалалық прокуратурасының заңдылықты қадағалау бағытындағы қызметінің нәтижесі туралы толығырақ газетіміздің бейсенбі күнгі кезекті санынан оқи аласыздар.

 

 

 

 

 

 

 

     

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему