Маңғыстауда Наурыз мерекесіне орай 250-ден астам іс-шара өтеді
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 00:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда Наурыз мерекесіне орай 250-ден астам іс-шара өтеді

17 Марта 2023 (17:27) | 1323 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында 250-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Әсем Әшірова хабарлады.

 Спикердің айтуынша, мерекелік іс-шаралардың басты мақсаты – рухани, тарихи сананы жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау және қалыптасқан дәстүрлі идеология қағидаттарын қолдап, оларды кеңінен дәріптеу.

 Сондай-ақ, облыстағы этно-мәдени бірлестіктер өкілдері мереке қарсаңында «Ұлт қазынасы -  бірлік» шарасын ұйымдастырып, қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттап, ұлттық тағам мен тәттілерін ұсынатын болады.

 -Біз Наурыз мейрамында балаларды да назардан тыс қалдырмадық. Мереке күні бүлдіршіндерге ұлттық нақыштағы символдық сыйлықтар таратылып, 16-23 наурыз аралығында театрларда «Кел, балалар, ойнайық-2023» интермедия, «Батырлар сайысы» театрландырылған қойылымы көрсетіледі. Сонымен қатар, қала, аудан әкімдіктері мен «Мейірімді ана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Наурыз ата» қайырымдылық шарасы өтеді. Ал, 22 наурызда амфитеатр сахнасында «Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз»  балалар шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерті, музейлерде ұлттық ойындар апталығы, кітапханаларда тиісті тақырыптық экспозициялар ұйымдастырылады, - деді Әсем Әшірова.

 Сондай-ақ, спикер брифингте арнайы ақсақалдар мен ардагерлердің қатысуымен «Наурыз бата» басқосуы өтетінін мәлімдеді. Сонымен қоса, 21-22 наурызда қала, аудандарда «Жаңа күн –Наурыз бастауы», «Алтыбақан» ойын-сауық бағдарламасы, «Қош келдің, Әз наурыз» тақырыбында концерттер өтеді және Ақтау қаласындағы теңіз жағалауында 21-22 наурыз күндері 30-ға жуық киіз үй тігіліп, алтыбақандар орнатылады.

 -Мәдени іс-шаралардың қатарында «Ақтау сазы» фольклорлық ансамблінің концерті, «Алтыбақан» ойын-сауық бағдарламасы,   Yessenov университеті студенттерінің  концерті бар. Ал 22 наурыз күні кешке дейін ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа байланысты іс-шаралар өткізу көзделген. Атап айтсақ,  «Наурыз думан» театрландырылған көрінісінен бастау алып, танымал эстрада жұлдызы, әнші Бауыржан Исаевтың концертіне ұласады, - деді Әсем Әшірова.

 Сондай-ақ «Өлкенің гүлденген балдаурені» атты концерт аясында  өскелең  өрендер өз өнерін көрсетеді. Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің өнерпаздары да көрермендерге концерттік бағдарламасын ұсынады. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған іс-шара М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның, сондай-ақ Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының өнер ұжымдарының ән-жыр шашуымен жалғасады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему