Бейнеу гарнизонында «Ашық есік күні» өтті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 14:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бейнеу гарнизонында «Ашық есік күні» өтті

17 Января 2023 (18:00) | 2522 | Автор: Редакция

Жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, олардың бойында патриоттық сезімді ояту және әскери қызметті насихаттау мақсатында Бейнеу гарнизонының барлаушылары Ж.Қалдығараев атындағы лицейі мен А.Құнанбаев атындағы жалпы білім беру мектебінің оқушыларына «Ашық есік күні» іс-шарасын ұйымдастырды.

 

«Ашық есік күні» жоспары бойынша оқушылар назарына сардаздардың үй – жайымен, барлау бөлімшелеріне арналған киім үлгілері, атыс қарау – жарағы және әскери техникалары көрсетілді. Оқушыларға ұсынылған киім үлгілерімен қарау-жарақ пен әскери техникаларды әскери бөлімнің сержанттары мен офицерлері нақты түсіндіріп көрсетті.

 Әскери бөлімге оқушылардың алғаш рет келіп отырған ескере келіп, бірінші кезекте күнделікті әскери қызметтің бір күнімен таныстырылды. Бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Болатгерей Шекеев оқушыларға сарбаздардың күнделікті әскери қызметтегі өмірімен, сабақ кестесін толықтай таныстырды.

 «Өткізілген іс-шараның мақсаты жергілікті жерлердегі орта білім беру мектептері оқушыларымен тығыз жұмыс жасау, оларға еліміздегі әскери қызметтің қыр-сырымен таныстыру, бойларында өз туған жерінің патриоты бол, сынды қасиеттерді сіңіру және де әскеріміздің күш қуатымен таныстыру арқылы әскери бөлімнің имиджін көтеру болды. Жас өрендерімізді осы бастан өз Отанын қастерлеп, құрметтеуге жетелейтін,  өнегелі тәлім-тәрбие беретін, еліміздің болашағы жолындағы іс-шараларды ұйымдастырып өткізу біздің басты мақсатымыз болып қала бермек», - деп атап өтті майор Болатгерей Шекеев.

 «Осындай қаруы сақадай сай әскери бөлім барына мен шыны керек танғалып тұрмын. Бөлімнің басшылық құрамына алдағы уақытта қызметтеріне сәттілік тілеймін, еліміздің берік қалқаны болған әскери қызметшілеріміз жасай берсін» – деп Абай Құнанбаев атындағы қазақ орта мектебінің алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Асқар Бақытұлы жылы лебізін білдірді.

 Шара соңында ашық есік күніне қатысқан оқушылар әскери бөлім басшылығына және іс-шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему