Жастар практикасынан өту кезеңі 6 айдан 12 айға ұзартылды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 00:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жастар практикасынан өту кезеңі 6 айдан 12 айға ұзартылды

24 Ноября 2022 (11:46) | 2430 | Автор: Редакция

Жастар практикасынан өту кезеңі 6 айдан 12 айға ұзартылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Ақтауда өткен Zhas Project форумы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

2022 жылы жастар практикасынан өту кезеңі 6 айдан 12 айға дейін және «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша 12 айдан 18 айға дейін ұзартылды. Бұл жастар үшін алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға және табыс табуға жақсы мүмкіндік.

 

Министрдің сөзінше, жастарды жұмысқа тарту және кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында нақты жобалар іске асырылып жатыр.Жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жүргізілуде.

 

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2022 жылға арналған іс-қимыл Бағдарламасы шеңберінде NEET санатындағы жастар деңгейі жоғары өңірлерде жас кәсіпкерлерді қолдау үшін «Zhas Project» пилоттық жобасы іске асырылып жатыр.

 

Жалпы 250 жоба пилоттық түрінде 6 аймақтарда іске асырылды (Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында). Оның аясында әлеуметтік осал топтар мен ауыл жастарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін 1 млн. теңге сомасында 252 грант берілді. Бұдан әрі бұл жобаны жыл сайын басқа өңірлерде де жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему