Ақтауда әскери қызметшілер ерлік сабағын ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 08:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда әскери қызметшілер ерлік сабағын ұйымдастырды

20 Сентября 2022 (18:28) | 2080 | Автор: Редакция

 

Ақтау қаласының білім беру мекемелерінде Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы ерлік сабағын өткізді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектеп оқушыларымен кездесу барысында әскери қызметшілер Отан қорғаушылардың абыройлы қызметі туралы айтып берді. Биыл құрылғанына 30 жыл болған Тәуелсіз Қазақстан Қарулы күштерінің тарихы жастардың ерекше қызығушылығын тудырды. Оқушыларға ел әскерінің дамуы мен жауынгерлік дәстүрлері туралы айтылып, деректі фильмдер көрсетілді. Сонымен қатар жауынгерлер жекпе-жек ұрысының элементері мен сап құрамында қару ұстау шеберліктерін ұсынды.

Ақтау қаласының №7 мектеп-лицейінде Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев ерлік сабағын өткізді. Ол Ақтаудың еліміздің Қарулы күштері үшін маңызды мекен екенін атап өтті. Өйткені дәл осы жерде 1996 жылдың 17 тамызында әскери теңізшілердің Отанын қорғауға дайындығының кепілі ретінде Қазақстанның Әскери-теңіз туы алғаш рет көкке көтерілді.

Кездесуде оқушыларға кәсіби бағдар беруге де көп көңіл аударылды. Жастарға Қазақстан әскері үшін офицерлер мен сержанттарды даярлайтын әскери оқу орындары жайлы айтылды. Қорғаныс министрлігінің бастамасымен мерзімді әскери қызмет өткергендерге білім алуда жеңілдіктер берілетіні жөніндегі жаңа өзгерістер де жеке түсіндірілді. Одан бөлек, «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев жастардың жас патриоттар қатарына кіру тәртібі жайлы айтып өтті.

– Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында бүгінгі жастардың алдында әділетті Қазақстанды құру міндеті тұр. Қорғаныс министрлігі өскелең ұрпақтың болашағы мен ел ертеңі үшін Отан қорғаушы атанып, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға жұмылдыру мақсатында осындай шараларды іске асыруда, – деп атап өтті генерал-майор Серік Борамбаев.

Өз кезегінде ақтаулықтар да жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру ісіндегі жетістіктерді айтып жатты. Қорғаныс министрлігінің өкілдеріне оқушылар робототехника негіздерін оқып жатқан Smart sarbaz сыныбын таныстырды. Ал «Қайсар» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері алғашқы әскери дайындықтан өз шеберліктерін көрсетті.

Ерлік сабағы құрмет қарауыл ротасының дефилесімен, жауынгерлердің өнерлерімен және Мәңгілік алау мемориалына гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему