Басқұдық ауылында 600 орындық мектеп салынып жатыр
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 00:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Басқұдық ауылында 600 орындық мектеп салынып жатыр

20 Сентября 2022 (16:55) | 1078 | Автор: Редакция

Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылындағы «Жаңа қоныс» тұрғын үй массивінен бой көтерген 600 орындық жаңа мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың шілде айында құрылысы басталған үш қабатты мектепке қазіргі таңда газ тарту, лифт орнату, сырлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда жаңа мектепке 1348 оқушы (Маңғыстау ауылындағы №5 мектепке тасымалданатын 850 бала және №14 мектептің 498 оқушысы) қабылданады деп жоспарлануда.

Тапсырыс беруші Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Ал бас мердігер «Альянс LTD» ЖШС.

Жалпы Басқұдық ауылында 2 мемлекеттік (№9 мектепте 3674 оқушы, №14 мектепте 2015 оқушы), 2 жекеменшік («Лагерь» мектебінде 94, «Білімді Қазақстан» мектебінде 230 оқушы) мектеп жұмыс істейді. 4 мектепте барлығы 6013 оқушы білім алады. Ақтау қаласына және аудан орталығына тасымалмен 1009 бала қатынап оқиды.

Жаңадан қолданысқа берілгелі отырған мектеп ауылдағы тасымал мәселесін шешуге септігін тигізбек.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему