Маңғыстауда «Халық заңгері» акциясы өтті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 11:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда «Халық заңгері» акциясы өтті

20 Сентября 2022 (15:50) | 882 | Автор: Редакция

Маңғыстауда жалпыреспубликалық «Халық заңгері» акциясы өтті. Өңірдегі үздік заңгерлер мен адвокаттар, мемлекеттік орган басшылары халыққа құқықтық кеңес беріп, заңгерлік көмек көрсетті.

Құқықтық көмекке жүгінген 200-ге жуық адам 35 сарапшыдан тегін кеңес алды.
Шараға қатысқан тұрғындарға білім, еңбек, денсаулық, жер, жол, салық, экология салаларының мамандары және прокуратура, полиция, әділет органдарының өкілдері кеңес берді.
Акцияны ұйымдастырушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және заңгерлер мен адвокаттар. Шараның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету.
«Бүгінгі ауқымды шарада қылмыстық және азаматтық құқықтар, атқарушылық іс жүргізу, неке мен отбасы, мұрагерлік мәселелері, тұрғын үй, еңбек, жер салалары және басқа бағыттар бойынша көмек көрсетілді. Кейбір адамдар өз құқықтарын толық біле бермейді, заңгерлерге қаражаты да жете бермейді, сол себепті бұл ашық шараның әлеуметтік маңызы бар,» дейді ұйымдастырушылар.
Бір шараға топтастырылған түрлі сала мамандарынан кеңес алған тұрғындар шараның зор пайдасы бар деп есептейді. Өйткені, бір уақытта бірнеше маманнан кеңес алып үлгерген келушілер болды.
Сондай-ақ, шара барысында адвокаттар мен заңгерлердің көмегіне жүгінгендердің қатары көп болды. Ұйымдастырушылар мұны, нарықта тәжірибелі заңгерлердің қабылдауының арзан болмауымен байланыстырады.
Сонымен бірге ауқымды акцияға ерікті студенттер де қатысты. Заң саласының болашақ мамандары іс-шараның өтуіне көмектесу арқылы тәжірибе жинақтады.
Айта кетейік, акция форматы жағынан Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ ауқымы мен географиясы бойынша әлемде теңдесі жоқ.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему