Маңғыстауда құжатсыз көлік басқарған 200-ден астам жүргізуші анықталды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 17:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда құжатсыз көлік басқарған 200-ден астам жүргізуші анықталды

3 Августа 2022 (17:32) | 1619 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысында екі апта ішінде «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында құжатсыз көлік басқарған 200-ден астам жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Жедел-профилактикалық шара аясында тәртіп сақшылары 5247  әкімшілік құқық бұзушылық анықтады. Атап айтқанда, жедел-профилактикалық іс шара басталғалы бері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабын бұзып, көлікті мас күйінде басқарған 43 жүргізуші ұсталды. Құжатсыз көлік құралын басқарғаны үшін 238 жүргізуші анықталып, оларға хаттамалар жасақталды.

 

Тексеру барысында автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздік белдігін қолданбауының 1326 фактісі анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесу – ең жиі орын алатын құқық бұзушылық. ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабын бұзғаны үшін 622 жүргізуші жауапқа тартылды.

 

-Кез келген көлікті алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жүргізу жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып табылады. Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жылдамдықты арттыру, маневр жасау және басып озу ережелерін бұзу, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жолға назарын аудармау болып табылады. Өткен аптада облысымызда адам шығынымен 2 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Екеуі  де жүргізушінің қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткендігінен орын алды. Шара басталғалы бері қарсы жолаққа шығып кеткен 7 жүргізушіге айыппұл салынды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-тармағы  бойынша жауапкершілікке тартылды. Әрбір жүргізуші шартты рефлекстің түрін дамытуы керек: сары немесе қызыл бағдаршамды көргенде көлік жүргізуші  еш ойланбастан тежегіш педалін басу керек. Тыйым салынған бағдаршамнан өткен 114 жүргізушіге айыппұл салынды, дейді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мамандары.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему