Жаңаөзенде ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 10:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзенде ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

14 Июня 2022 (17:36) | 1936 | Автор: Редакция

Жаңаөзен қаласындағы «Aq qanat» атшабарында қазақтың ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті, деп хабарлайды Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жарыс Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен және «ӨзенМұнайГаз» АҚ демеушілігімен ұйымдастырылған. Жаңаөзен қаласының құрметті азаматтары Бекболат Нұрлыбаев, Жүгініс Жарылғапов, Жұмабек Әбишаев, Қалпақ Наурызмағанбетов, Мұрат Сариев, Саламат Бекназаров, Жансерік Нұрымды еске алуға арналған шараның өтуіне «Ұлы дала-Маңғыстау» және «Арман тұлпарлары» Жаңаөзен ұлттық ат спорт түрлері фередерациялары да атсалысты.

Шараның ашылу салтанатында Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов пен «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры Мақсат Ибағаров сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

- Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері қазақтың ұлттық құндылықтары қайта жаңғырып, төл мәдениетіміз ұлықталып келеді. Қаншама ғасырлық тарихы бар, жастарды Отан қорғауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге елеулі үлес қосатын ұлттық спорт түрлерін дамыту тәуелсіздік жылдары айтарлықтай қарқын алды. Ұлттық спорт – шын мәнінде, ұлт рухының жаршысы. Оның дамуына қызмет ету баршамыздың мақтанышымыз, міндетіміз деп есептеймін. Ғұмырын Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дауына арнап, бақиға көшкен азаматтарымызды еске алып, жастарға үлгі ету мақсатында ұйымдастырылып жатқан іс-шараның маңызы зор. Өмірі ат үстінде өткен қазақ халқы үшін ұлттық ойындар жай ғана спорт түрі емес, халықтың тұрмыс-тіршілігінің, мәдениеті мен тарихының айғағы. Сонымен қатар, жастарды салауатты өмірді ұстануға шақырудың ең төте жолы. Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан Президентіміз спорттың бұқаралық сипатын дамытуды – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының біріне айналдырды. Қаламызда тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытуға маңыз беріп, спорт мектептері мен орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтып, заманауи талаптарға сай жаңа спорт нысандары салынуда, - деді қала әкімі Айбек Қосуақов.

Екі күнге созылған жарыс аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, тазы жарыс, қақпан құру, саятшылық, тері илеу және теріге сурет салу, тай жарыс, кіші аламан жарысы, аламан бәйге (30 шақырым), құнан бәйге (9 шақырым), ұшқыр бәйге (3 шақырым) сынды ұлттық спорт түрлерінен өтті.

Тай жарыста Рахат ауылының сейісі Асылбек Машановтың «Сабыр» атты жүйрігі қараны үзіп шықса, екінші болып мұнайлылық Анарбек Қарабалаевтың сәйгүлігі келді. Бұдан кейін келген Абзал Ердиевтың «Жұлдызайы» үштікті қорытындылады.

Үш айналым жасаған құнан бәйгеде ақшұқырлық Қаржаубай Сарбаевтың «Ботагөзі» бас бәйгені олжалап, Ахат Лукмановтың «Айторысы» ілесе келді. Ошақ бәйгеде теңгелік Исенбай Қалдамановтың «Қараторғайы» қара үзіп шықса, Хамза Беймурзаевтың «Жасбастауы» күмісті қанжығалады.

Ал, Еркін Жеткізгеновтың «Қаракөзі» қола алды. Жердің шаңын көтерген аламанда жүйріктер 30 шақырымды басып өтті. Түпқарағандық Алмас Абдулдановтың «Батыры» алдына ат салмай аламанда алтынды иеленсе, тұрыштық Ербол Бөлтековтың «Қаршығасы» күмісті қанжығалады. Теңгелік «Асылтас» болса иесі Исенбай Қалдамановқа қоланы алып берді.

Шара барысында Жаңаөзен қаласының ұлттық спортына өзіндік үлес қосып, қолдау көрсеткен бірқатар азаматтар Жаңаөзен қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарлама ұласты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему