Маңғыстауда малы қырылған шаруалар үкіметке талап қойды
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 11:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда малы қырылған шаруалар үкіметке талап қойды

20 Июля 2021 (14:35) | 1322 | Автор: Редакция

Маңғыстауда малы қырылған шаруалар өңірге премьер-министрдің келуін талап етті. Себебі, төрт түлігінен айырылып жатқан ағайынға еріктілерден өзге көмектесіп жатқан ешкім жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Айбат" ақпарат қызметіне сілтеме жасап.

Тілшілерге "Шопан ата" қауымдастығының өкілдері батыста мал қырылмағанына дәлел ретінде суреттер жіберген.

"Ауылдағы әкімшіліктер ол өтірік ақпарат беріп отырған. Маңғыстау облысында болып қайттық қой. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы міз бақпайды. Өлгені 500-1500 деп. Оның құлағында сырға жоқ деп. Шулап жатқан ел, ақсақалдың қарғысы. Оның бәрін көріп тұрған жоқ ол", - дейді "Шопан ата" ұлттық қой өсіру қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев.

Шаруалар тілшілерге биыл Маңғыстауда дені дұрыс сақман да өтпегенін хабарлады. Себебі, жұт болып, ал, үкіметтен бөлінген азғантай қаржының өзі шаруаның қолына дұрыс жетпейді екен.

"Министерство счетынан қойшының қалтасына түсетін жалғыз банктік операциямен. Транспортникке берейік, агроға берейік. Талан-таражға салуға болмайды. Онда малшыға ешқандай пайда жоқ", - дейді шаруа қожалығының иесі Ибрагим Баймағамбетов.

Ал Нұр-Сұлтаннан барған Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері нақты ешнәрсені шешпеген. Іс жүзінде малшыларға еріктілерден өзге көмектесіп жатқан ешкім жоқ екен. 

"Үкіметтің тарапынан, мемлекеттің тарапынан енді-енді қозғалыстар болып жатқан шығар. Бірақ нақты мына нәрсе болып жатыр, мына нәрсені жіберіп халықтың қолына беріп жатыр деп айта алмаймын", - дейді қоғам белсендісі Балнұр Оспанғалиқызы. 

Осыдан кейін тілші Сарыағаш ауданының еріктілері қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Сюжетте осыған дейін Түркістан облысының азаматтары 10 вагон мал азығын батысқа жібергені айтылады. Енді қосымша 40 вагон жолға шықпақ.

Енді қуаңшылықтан малы қырылған маңғыстаулықтар өңірге премьер-министр келуін талап етеді. Шаруалардың соңғы үміті Асқар Маминде.

Айта кетейік, биылғы қуаңшылықтан Маңғыстау облысында үй жануарлары қырылған. Өңір тұрғындары малға картон қағазын беруге мәжбүр. "Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, шілдеде Қазақстанның 4 өңірінде қуаңшылық болады. Кейін Түркістан облысының тұрғыны Құрмет Талапқазы мал аштан қырылып жатқан өңірлерге шөп жеткізу жұмыстарын ұйымдастырып, елдің алғысына бөленді.

 

Фото: Айбат" ақпарат қызметі сюжетінің кадры

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему