Жұмыссыздарға «бизнес бастаудың» шарапаты мол
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 02:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жұмыссыздарға «бизнес бастаудың» шарапаты мол

30 Апреля 2021 (14:34) | 2038 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысында «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыту курсы басталып кетті. Қазір өңірде барлығы 310 жұмыссыз дәріс алуда. Оның 234-і республикалық бюджет есебінен, тағы 76 адам жергілікті бюджет қаражатымен оқытылуда. Тәлім алушылардың ең көбі Ақтау- 74, Жаңаөзен- 77, Бейнеу ауданы-40, Мұнайлы ауданы-35, Маңғыстау-34, Қарақия-30, Түпқараған ауданы-20 адамды оқытуда.

Әлия Көптілеуова: «Мен курсқа жолдама алып тіркелген едім. Сәуірдің 26-да бірінші лекпен оқу басталды. Қазір онлайн сабақ өтіп жатырмыз. Сабақ модулдарға бөлінген. Барлығы 80 дәріс өтеміз. Күніне бір сабақтан өтуге де, бірнешеуін бір күнде меңгеруге де болады. Видео сабақтар да тіркелген. Үкіметтен бизнеске көмек беретін мемлекеттік бағдарламалармен танысып жатырмыз. «Еңбек», «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламаларының шарапаты туралы білдік. Несие алу, оны өтеу жолдары туралы үйретуде. Қазір бизнесті тиімді таңдауды, менеджмент, бизнесті басқару, ойлау қабілетті дамыту бойынша білім беруде. Осы үйренгенімді болашақта өз кәсібімді ашқанда пайдаға асырамын деп ойлаймын»,-дейді.

«Мал шаруашылығымен айналысамыз. Жүк көлігін алып кәсібімізді кеңейткіміз келеді. Көрші облыстарға мал төлдерін тасып, халықты ет өнімдерімен қамтамасыз етуге ат салысу жоспарда бар. Осы оқыту курсынан соның бәрін үйренгім келеді»,- деп ой қорытты Бірсұлу Сисенбаева.

Курс 21 күнге созылады. Оны аяқтаған соң арнайы сертификат иеленеді.

Осы сертификатпен тәлім алушыларға басымдық көп. Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Аманат Махмутовтың айтуынша, Маңғыстау облысына 607 грант бөлініп отыр. Әр жұмыссыз жанға 200АЕК көлемінде қайтарымсыз қаражат беріледі. Яғни 583 мың 400 теңге қаржыға кәсібін бастағандар құрал-жабдық алуына мүмкіндігі бар. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен қайтаналанбайтын ерекше бизнес жобаларға 2-5 млн тг көлемінде грант бөлінеді. Осы бағдарлама бойынша «Даму» қоры арқылы 6% несие де алуына болады. Ал, «Еңбек» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарына 500 млн тг. Ақтау мен Жаңаөзен халқына 700 млн тг қаражат қарастырылған. Барлығы 1 млрд 200 млн тг несиеге берілмек. Бұл қаражат жұмыссыздарға, көп балалы отбасыларға кәсіп ашу мақсатында ұсынылады. Олар «Бастау бизнес» курсынан өтуі міндетті. Мұнан өзге кәсіп ашқанына 2 жыл болған іскерлер курсты оқымай-ақ алуына болады. «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында Маңғыстау облысының «Атамекен» микроқаржы ұйымы 1 млрд тг несиені «Бизнес бастау» түлектеріне беруді ұйғарып отыр.

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаевтың айтуынша, «Бастау бизнес» оқу курсын жыл аяғына дейін жұмыссыздардың бірнеше легі оқып шығады.

 

Жазира Қуанышбекқызы

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему