Боранқұл ауылындағы мектепте жылыжай жұмыс істеп тұр
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 20:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Боранқұл ауылындағы мектепте жылыжай жұмыс істеп тұр

28 Апреля 2021 (10:42) | 2574 | Автор: Редакция

Бейнеу ауданындағы Боранқұл орта мектебінде 6 түрлі көкөніс өсетін жылыжай бар. Мектеп оқушылары өсімдіктерді баптап, бос уақытында көкөністердің күтімімен айналысады. Бұл туралы Боранқұл мектебінің директоры Ұлмекен Бисенғалиева мәлім етті.

Оның айтуынша, жылыжай оқушылардың биологиялық таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай еңбексүйгіштікке тәрбиелейтін орта.

Мектеп ауласындағы жылыжайдың ауданы 24 шаршы метр. Ұзындығы-8, ені-3 метр.

«Елімізде көкөністердің сырттан келетінін ескерсек, мектебімізде жылыжай ісінің жолға қойылғандығы қуантады. Мұнда қияр, қызанақ, көк бұрыш, аскөк және салат жапырағы сияқты өнімдер өсіріледі. Жылыжайда оқушылармен тәжірибелік жұмыстар үнемі жүргізіліп отырады. Атап айтар болсақ, биологтар әр түрлі тақырыпта зерттеу жұүргізсе, жаратылыстану бағытындағы мұғалімдер экологиялық акциялар өткізеді»,-деді Ұлмекен Бисенғалиева.

Сондай-ақ мұнда психолог, дефектолог мамандары ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен терапиялық жаттығулар жасайды. Мамандар мұндай жаттығулар оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтіп, жан-жақты дамуына оң әсер етеді деген сенімде.

 

Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему