Маңғыстауда мұғалімдер коронавирусқа қарсы екпе ала бастады
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 13:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда мұғалімдер коронавирусқа қарсы екпе ала бастады

1 Марта 2021 (16:57) | 1477 | Автор: Редакция

1 наурыздан бастап «Нейрон» емханасында мұғалімдер коронавирусқа қарсы екпе ала бастады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды. МО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше вакцина алатын адамдардың тізімі жасалды. Вакциналау үшін емханаларда арнайы егу бөлмелері дайындалған.

 

 

«Бүгін міне, педагогтарға екпе салып бастап кеттік. Екпелерін өз еркімен, өз таңдауымен ғана алып жатыр. Алдымен дәрігердің тексеруінен өтіп, жағдайларын анықтағаннан кейін екпеге рұқсат қағазы беріледі. Содан соң, егу кабинетіне барып, вакцина алады. Екпе алғандар арнайы тынығу бөлмесінде 30 минут отырады. Ол жерде арнайы мамандар кеңес береді. Қазіргі уақытта 11 адам вакцина алды. Кері әсері болған жоқ. Жағдайлары жақсы және бірқалыпты»,-деді «Нейрон» емханасының бас дәрігері Нина Самаликова.

 

Мамандардың айтуынша, бүгін вакцина алғандар 21 күннен соң екінші компонентін ала бастайды. Яғни әрбір екпе алатын қызметкерге смс арқылы хабарлама келіп түседі. Екінші компонент алар кезде тағы шақырту хабарламасы келеді.

 

«Бүгін міне екпе алуға емханаға келіп отырмын. Медицина мамандары өз қызметтерін жасап, күтіп алды. Алдымен тіркегеннен соң, егу кабинетіне жіберді. Егу бөлмесінде біздің көзімізше ампуладан дәрілерді алып, укол салды. Қазір міне, тынығу бөлмесіне келіп отырмыз. 20 минуттай болды. Ештеңе сезініп отырған жоқпын. Қалыпты жағдай. Бұдан қорқудың еш қажеттілігі жоқ деп ойлаймын. Әрбір саналы азамат өзінің болашағы үшін, айналасындағы жандардың амандығы үшін алу керек деп ойлаймын»,-деді Ақтау қаласындағы 8-мектептің химия пәнінің  мұғалімі Гүлшат Уалиева.

 

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему