Маңғыстауда ауруханада ем қабылдап жатқан 1025 науқас дауыс беру мүмкіндігіне ие болды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда ауруханада ем қабылдап жатқан 1025 науқас дауыс беру мүмкіндігіне ие болды

10 Января 2021 (16:35) | 2486 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысы бойынша денсаулық сақтау мекемелері сайлауға тыңғылықты дайындалған. Ақтау қаласында жалғыз облыстық ауруханада  № 41 сайлау учаскесі өз жұмысын бүгін таңертең сағат 07:00-де бастады. Ем қабылдап жатқан науқастарға барлық жағдай жасалған, антисептиктер және бетпердемен толықтай қамтамасыз етілген. 

 

 

Барлығы 1025 адам дауыс беру мүмкіндігіне ие болып отыр. Атап айтқанда Маңғыстау облыстық ауруханасы – 253, облыстық перинаталдық «Ана мен бала» орталығы – 265, ал қалған 507 сайлаушы облыстық көпбейінді балалар ауруханасы, Ақтау қалалық перинаталдық орталығы, модульдік инфекциялық стационар және «Арчимед» медициналық клиникасында дауыс беруіне болады. 

 

Әр сайлаушыға үш бюллетеннен беріледі, бірі ҚР Парламенті Мәжілісіне, екіншісі облыстық, ал үшіншісі қалалық мәслихатқа түсетіндерге дауыр бере алады. Ал дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.  

 

№ 41 сайлау учаскесінің төрағасы Нәдірқожа Мусаевтың айтуынша, сайлау кезінде белсенділік жоғары екендігі байқалып отыр. Тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлеріне кезекшілік ұйымдастырылған және екі жерге бейнекамера орнатылған. 

 

Сайлау учаскесінде төраға, оның орынбасары, хатшы және комиссия мүшелері бар. Айта кету керек, ауруханаларда жатып ем-дом қабылдап жатқан науқастарға комиссия мүшелері сайлау жәшігімен палаталарына барып, дауыс беруіне мүмкіндік жасады. 

 

Әйгерім Мырзабайқызы облыстық перинаталдық орталықта күні кеше тұңғыш сәбиін өмірге әкелді. Оның тұңғышы саяси науқан кезінде дүние есігін ашқанына дән риза. Ол сайлауға белсенді қатысу әрбір адамның азаматтық парызы дейді және өзінің таңдауын жасады. 

 

«Сайлаушыларға «Ана мен бала» орталығында барлық жағдай жасалғанын айта кеткім келеді. Әсіресе қазіргі пандемия жағдайында инфекциялық аурудың алдын-алу бойынша профилактикалық шараларға көбірек мән берілген. Сол үшін осы мекемеге алғыс айтамыз, өз таңдауым бойынша дауысымды бердім, барлық сайлауға қатысушыларға сәттілік тілеймін», - деді ол.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему